Денсаулық

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Қалаларымызды қауіпсіз етейік!

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған акция өтті. Колледж мамандары мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп өткізген акцияның мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын сақтау ережелерін кеңінен насихаттау.

Әсемхан Жақыпованың ұйымдастыруымен білім алушылар  заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік туралы әдеби-сазды көрініс көрсетті.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, біздің денсаулығымызға урбанизацияның ықпалы зор болып отыр. Урбанизация ауыз су мен қоршаған ортаға, зорлық пен жарақаттануларға, инфекциялық және инфекциялық емес дерттерге, сондай-ақ дұрыс тамақтанбау, енжарлық, темекі шегушілік, нашақорлық, алкогольді салына тұтыну, автокөлік санының жедел өсуі және күйзеліс жағдайлары сияқты қауіпті факторларды көбейтеді, соның салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Сондықтан қаламыздың денсаулығымызға қауіпсіздігі үшін күресейік, — дейді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы маманы Жанна Жанболатқызы. Акцияның соңында ол білім алушыларды «Қалаларымызды денсаулыққа қауіпсіз етейік!» атты ұранға қосылуға шақырды.

Ж.НҰРҒАЛИЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

***

Тоқсан сайын берілетін көмек

Қазақстан Республикасының «Қызыл Ай» қоғамының Ақтөбе облыстық комитет-филиалы Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күніне және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күніне орай, Ғаламдық Қордың қолдауымен туберкулез ауруының алдын алу мақсатында, осы ауруға шалдығып, әлі де ем алып жүрген Ақтөбе қаласының тұрғындарына материалдық көмек көрсетуде. Бұл туралы филиал төрағасы Нұрлан Үдербай былай дейді:

— 2009 жылдың желтоқсан айында және ағымдағы жылдың наурыз айында 60 ауруға 900 мың теңгеге азық-түлік (күріш, қант, сұйық май, макарон, балық консервілері, ұн), гигиена құралдары (кір сабын, иіс сабын, тіс пастасы, сабынсу) және әрқайсысына бір жарым мың теңгеден, барлығы 180 мың теңге берілді. Бұл көмек тәртіп бұзбай, емін үзбей, уақытында алып жүрген ауруларға ғана тоқсан сайын беріледі.

Ағымдағы жылы «Чайка» туберкулездік балалар ауруханасына сұраныс бойынша 13919 теңгеге 352 кг киім және 2373 теңгеге «Қызыл Айдың» өз қорынан 3 қапшық аяқ киім берілді.

Қаңтар айының 22-26-сы аралығына дейін Ақтөбе қаласында Ғаламдық Қордың қаржыландыруымен Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысының фтизиатр-дәрігерлерінің қатысуымен «Ақтөбе» қонақ үйінің мәжіліс залында «Туберкулез ауруына қарсы күрес бағдарламасының барысында тұлғалардың өзара қарым-қатынасы, интерактивтік оқыту» тренингі өтті. Оған әр облыстан 4-5 адамнан қатысты. Тренинг барысында туберкулез ауруының алдын алу, дұрыс ем алу, ауруға шалдыққан адамдардың санын азайту мәселелері талқыланды.

А.МЫРЗАҒАЛИЕВ.

***

«Темекіні таста да, жең — 2010» сайысы

Бәйгеге қатысудың шарттары:

1. Жасы 18-ден жас болмауы керек.

2. Темекіні бір жылдан кем уақыт тартса немесе күн сайын тартатын болса. Лотерея ұтыстарына қатысуға және сыйлық алуға тек тіркеуден өткендердің хақы бар, олар тіркеу формаларын толтырып, кампанияның штабына жіберулері керек (тіркеу өтетін соңғы күн — 20 мамыр). 2-29 мамыр аралығында міндетті түрде темекіден бас тарту.

3. Әр облыс өзінің бас сыйлығын және қосымша сыйлықтар белгілейді. Қатысушылар тіркеу формаларын толтырып, оны (поштамен) кампания өткізуші ұйымның жергілікті штабына (Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 4-үй, тел./факс: 21-78-22; e-mail: czozhaktobe2007@mail.ru жіберуі керек.

Тіркеу формасы

Тегі, аты, әкесінің аты___________________

______________________________________

Туған жылы              /_/       /__/     /___/

жылы айы   күні

Жынысы:   /___/      /___/

ер       әйел

Мекен-жайы____________________________

_______________________________________

Телефоны______________________________

Күнделікті шегетін шылымның (папиростың) саны_______________________

Бұрын темекіні тастауға ұмтылысы:

/__/ /__/ /__/                 /___/

Ешқашан      1-2 рет           3 рет              болған жоқ

Шылым шегу өтілім_________жыл

Ұйымдастырылған кампанияға өткізілу шартына сәйкес

қатысуымды растаймын___________________

қатысушының қолы_______________________

Сіз медицина қызметкерісіз бе?_____________

Мамандығыңыз___________________________

Менің кампанияға қатысуымның куәгері:

Тегі, аты, әкесінің аты_______________________

_________________________________________

Мекен-жайы _______________________________

Телефоны__________ Қолы __________________

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button