Ресми

Эвакуациялау жарияланған кездегі тұрғындардың әрекет ету тәртібі

Ешбір мемлекет апаттан, жер сілкінісінен және террористік қауіптен толық сақтандырылмаған. Сол себепті тұрғындарды және аумақты қорғау — өзекті мәселе.  Осыған байланысты тұрғындар әрдайым төтенше жағдайларда әрекет етуге, сонымен қатар уақытша эвакуациялануға дайын болуы қажет.

Тұрғындарды үлкен қалалардан қауіпсіз аймаққа көшіру төтенше жағдайлар туындаған немесе жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайларда ықтимал шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Эвакуациялық іс-шаралар — бейбіт уақытта және соғыс кезінде азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жұмыскерлерін бөліп орналастыру, қалалар мен төтенше жағдайлар аймақтарынан халықты және материалдық құралдарды көшіру.  Эвакуациялау шараларынан бұрын тұрғындарды құлақтандыру жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде дабылдамалар немесе басқа да құралдар арқылы айтылатын «Баршаның назарына!» деген құлақтандырудың бірыңғай дыбысты сигналын естіген кезде тұрғындар теледидарды  немесе радиоқабылдағышты қосып, таратылатын ақпаратты тыңдаулары тиіс.  Дабыл даусын естіген бойда  әрі қарай жасалатын іс-қимыл тәртібі туралы ақпарат алу үшін «24KZ», «ТРК Казақстан», «Хабар», «ТРК Қазақстан-Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарының бірін қосу немесе радиоқабылдағышты «Ақтөбе радио» толқынына қосуы қажет. Сондай-ақ,  ақпарат тарату ұялы байланыс операторларының желісі бойынша ұялы телефондарға мәтіндік хабарлама жіберу арқылы, адамдар жаппай болатын орындарда ақпараттық терминалдарды қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарына мәтіндік хабарлама шығару арқылы да жүзеге асырылады. Құлақтандыру әрбір нақты жағдайда, жергілікті жерге байланысты барлық қолда бар байланыс құралдарын қолдану арқылы жүзеге асады.

Эвакуация туралы дабылды естігіннен кейін тұрғындар ғимараттан шығарда терезені жауып, электр аспаптарын және газды сөндіруі қажет.  Құжаттарды, ақша, дәрі қобдишасы, жеке заттары, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бар болса газтұтқыш немесе мақта, дәке, матадан жасалған өзге де таңғышты) және екі-үш күндік бұзылмайтын тамақ қорын алып, хабарламада айтылған жерге жетуі керек. Үйден шығарда туыстарыңызға, көршілеріңізге және басқа тұрғындарға қабылданған ақпаратты жеткізіңіз.

Эвакуацияланатын халықты жинауға, тіркеуге және оны қауіпсіз аумаққа жіберу үшін сайлау учаскелерінің принципі бойынша тұрғындарды бекіте отырып жинау эвакуациялық пункттері құрылған. Жинау эвакуациялық пунктіне келгеннен кейін тұрғындар әкімшіліктің нұсқауларына құлақ салуы керек, тіркеуден өтіп, көлікке отырғызу немесе жаяу лек құру және қозғалыс маршрутын білуі тиіс.  Отырғызатын орынға ұйымдасқан түрде отырғызуға жауапты адамның басшылығымен қозғалу керек. Жаяу колонна (автоколонна) құру кезінде колонна басшысының командасымен өз орнын табуы тиіс.

Қозғалыс барысында колонна басшысы хабарлаған тәртіпті қатаң сақтау, жаяу жүру барысында аялдау орындарында және аралық пункттерде марш тәртібін сақтауы қажет.

Бүркену және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, көлікпен жүру барысында колонна басшысының рұқсатынсыз көліктен шықпауы керек. Көлікпен эвакуацияланғанда  өзімен алып шығатын заттардың жалпы салмағы ересек адам үшін 50 келіден аспауы тиіс. Жаяу эвакуацияланғанда әрбір адам өзімен бірге көтеріп жүре алатын азық-түлік пен заттарын алып шығуына болады.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаменті азаматтық қорғау бөлімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button