Ауыл

«Сыбағаның» арқасы

Мемлекеттік бағдарлама

Аққұдық ауылдық округінде мемлекеттік «Сыбаға», «Ырыс» бағдарламаларының  арқасында мал басы біраз молайды. Мал шаруашылығын атакәсібіміз деп санайтын ауыл тұрғындары осы жылдарда мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрді. Соның нәтижесінде талай ауыл тұрғыны өз шаруашылығын бастап, қазір іргелі шаруа қожалығына айналып, берік қалыптасты. Соның бірі — «Сержан» шаруа қожалығы. Биыл ол «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 миллион теңге алып, 28 ет бағытындағы сиыр және 1 асылтұқымды бұқа сатып алды.

Шаруашылыққа мемлекеттік бағдарлама арқылы несие 14 пайызбен берілген. Алайда мал шаруашылығына қолдау ретінде мұның 10 пайызын үкімет көтереді.

Бұл бағдарлама көптеген қожалықтадың көшке ілесіп, ілгерілеуіне көмегін тигізуде. Бұл жерде әрбір сиырға 10 мың теңге, ал төлі талапқа сай болса 8 мың теңге субсидия төленетінін де айту керек.

— Алдағы уақытта мал басын көбейтуді басты мақсат етіп отырмыз. Оның жемшөбін де ерте бастан ойладық. Құнарлы, кенеулі мал азығы болуын ескеріп, 200 гектар жерге көпжылдық еркекшөп ектік. Отбасымызбен осы қожалықта еңбек етеміз. Бұдан бөлек екі ауыл тұрғынына жұмыс тауып беріп отырмыз, — дейді шаруа қожалығының иесі Жұмасұлу апа.

А.СЕМБИН.

Хромтау ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button