Денсаулық

Абайлаңыз, нитрат!

Акция

Ақтөбе облысы бойынша өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді. Осы орайда «Қауіпсіз өнім таңда» акциясы ұйымдастырылып, соңғы жеті айда барлығы 479 көкөніс түрі санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша  зерттелді. Зертханалық тексеру нәтижесінде  97 өнімнің құрамында нитрат мөлшерінің көп екені анықталды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазіргі күні облыс бойынша «Нитратпен улану» диагнозымен барлығы 17 шұғыл  хабарлама түскен. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында  науқастар ауруын бақша өнімдері, яғни қауын, қарбызбен байланыстырған.

Департамент мамандары  халық арасында тағамнан улану мен жедел ішек ауруларының алдын алу мақсатында бақша өнімдерін арнайы рұқсат етілген жерлерден сатып алуға кеңес береді. Тұтынушы ретінде өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап еткен жөн.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button