ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Киелі орындар тізімі анықталды

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» анықталды. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды. Бұл тізім өңірлік комиссияның ұсынысымен және сарапшылар кеңесінің ғалымдары мен өлкетанушыларының пікірлерін ескере отырып, құрастырылған. Оған Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, халық ерекше ардақ тұтатын діни нысандар, сондай-ақ тарихи тұлғалар және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары енген.

«Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» санаты бойынша тізімге — 9 орын, «Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер» бойынша — 11 орын,

«Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары»  санаты бойынша —13 орын, саяси, тарихи оқиғаларға байланысты — 15 орын, діни және ғибадат орындары болып табылатын 32 орын енгізілген. Осы 32 орынның бірі — Қобда өңіріндегі Абат-Байтақ кесенесі. Ол ХІV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатыны белгілі.

Сонымен қатар, тізімге «Тарихи тұлғаларға қатысты киелі орын» санатымен енген нысандар саны — 20. Олардың арасында Жиренқопадағы «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені,  Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» мемориалдық кешені және Алға ауданындағы Есет Көкіұлы кесенесі бар.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button