Әлемде

Ғарыштағы ғарышкерлерге балмұздақ жеткізілді

16 тамызда Мәскеу уақытымен шамамен сағат 18.00 кезінде Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті ұштасқан Dragon ғарыш кемесі ғарышкерлерге балмұздақ жеткізді.
Жалпы алғанда, ХҒК бортына шамамен 3 тоннаға жуық азық-түлік, ғылыми зерттеуге арналған материалдар (салмақсыздықтың көзге әсерін зерттеуге арналған зертханалық тышқандар), суперкомпьютер және балмұздақ  жеткізілді.

«МК» басылымы хабарлағандай, РҒА Медициналық-биологиялық преоблемалар институтында бұған дейін америкалықтар өткен ғасырдың 80-жылдары ғарышқа балмұздақ жеткізгенін мәлімдеді.
Dragon балмұздақты алғаш рет жеткізіп отыр.

Айта кететін жайт, Ресей ғарышкерлері балмұздақ жеу мүмкіндігінен шектелген, себебі олардың кемесінде арнайы тоңазытқыш жабдық орнату мүмкіндігі жоқ.
Ал, ғарышкерлер мұздай балмұздақ жеп, ауырып қалмайды ма деген сұраққа мамандар «жоқ» деп жауап берді.

Ғарыш кемесінде суық тиіп ауыру мүмкін емес, себебі ол жерде температураның төмендеуі (температура әрдайым +25 градус шегінде болады), желкем және салқын су болмайды.

Балмұздаққа келетін болсақ, NASA жеткізетін бұл десерттің мөлшері тойып жеп, сосын одан ауырып қалуға жетпейді екен.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button