Әлемде

Ресейде аюлар мас тұрғынның азық-түлігін қолымен бірге жеп қойды (Видео)

Ресейдің Иркутск қаласында аюлар жергілікті тұрғынның қойылтылған сүтін қолымен бірге жеп қойған, – деп хабарлайды L!FE.
Салдарынан зардап шеккен ер адам ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сөйтсек, ішімдікке тойып алған ер адам аюларды қойылтылған сүтпен тамақтандырғысы келіпті. Осы мақсатта ол қоршаудан өтіп, аюларды тамақтандыра бастаған.

Алайда жыртқыш аңдар ер адамның қолын тістеп алып, кафе қызметкері көмекке келгенше жібермей қойған. Осы дерек бойынша тексеріс басталыпты.
Дереккөз: tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button