Білім

Бақытты балалық шақ

Ақтөбе қаласы Ясный елді мекеніндегі №41 жалпы білім беретін орта мектеп жанынан құрылған «Сұңқар» жазғы демалыс лагері биыл да өз жұмысын жүргізді.

Лагерь жұмысы екі кезең бойынша өтті. Мектеп бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары тегін демалды және ата-аналар есебінен де  балалар қамтылды.

Оқушылар үш мезгіл дәмді ас ішіп, уақыттарын тиімді өткізді. Жоспарға сәйкес бірақатар іс-шаралар мен  шаһардың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, «Локомотив» кинотеатры, Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ, бассейн, кітапхана, «Капитан бриг» ойын-сауық орталығы секілді демалыс орындарында болды.

«Бала тілі — бал» , «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты байқауы, алаңда футбол ойыны өтті. Сонымен қатар, «Сиқырлы сандарға саяхат» атты математикалық сайыс, «Жанұям менің — Отаным» шығармашылық байқауы, «Көңілді эстафета», басқа да спорттық сайыстар өткізілді.

Соңғы күні  «Қош бол, қызықты лагерь» атты лагерьдің жабылуы ұйымдастырылып,  мектеп директоры Айжан Дәулетқызы белсенді балаларды марапаттады. Демалушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.

Он екі күн бойы  мектеп ұжымы лагерьдегі оқушылардың алаңсыз демалып, тынығуына жағдай жасады.

Айым КЕНЕЛДІКҚЫЗЫ,

№41 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі,

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button