Құқық

Колония қызметкерлері сотталушыны ұрып-жыққан

Үш қызметкердің біреуі кінәсін мойындады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет tengrinews.kz сайтынан

Биыл наурыз айында КА-168/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Н. колония қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым түсірді. Облыстық прокуратураның тексерісінен кейін арызданушының дәлелдемелері расталды.

Тергеу барысында анықталғандай, УКА-168/3 бақылау қызметі бөлімінің бастығы міндетін атқарушы, мекеменің жедел уәкілі және аға бақылаушы сотталған адамды тәртіптік изоляторға заңсыз орналастырды. Сондай-ақ, оның қолына кісен салынды және оған күш көрсетілді.

Мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттері «азаптау» дерегі бойынша сараланды. Күдіктілердің біреуі өз кінәсін мойындады. Тергеп-тексеру нәтижелері қылмыстық іс болып сотқа жолданды.

Қамбар МҰҚАШЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button