Құқық

Ақтөбеде темекінің белгілі бір түрін ұрлаған тұрғын ұсталды

Тәртіп сақшылары 43 жастағы ұрыны қолға түсірді. Ол қала дүкендерінен тек қана «Парламент» пен «ЛД» маркалы темекілерді ұрлаған.

18 мамырда «Құқық тәртібі» шарасы аясында 43 жастағы тұрғын ұрлық жасау сәтінде ұсталды. Бұған дейін оның он шақты рет темекі тауарларын қолды еткені белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, ол тек қана «Парламент» және «ЛД» маркалы темекілерді блоктап ұрлаған. Қазіргі таңда 43 жастағы күдікті өз кінәсін мойындады. «Ұрлық» дерегі бойынша оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қамбар МҰҚАШЕВ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button