Денсаулық

Шылымға әуестік — өмірге қауіпті!

31 мамыр — Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Арасан Ақтөбе» ЖШС баспасөз кеңесін өткізді. Жиынға дәрігерлер және полиция мен дін өкілдері қатысты.

«Арасан Ақтөбе» ЖШС-ның бас маманы Ырыскүл Кабулованың айтуынша, облыстағы емханаларда шылым шегуге қарсы күрес кабинетінің саны — жетеу. Ондағы валеолог мамандарға күніне 20 адам көмек сұрап барады.  Алайда шылым шегушілердің қатары азаймай отыр. Серіктестік  темекімен күреске арналған айлық, онкүндік шаралар өткізіп, барынша БАҚ арқылы насихаттағанымен, темекіге тосқауыл болуға дәрменсіз.

 Темекінің зиянын көпшілік әлі күнге дейін нақты ұғынып отырған жоқ. Оның ғасырлық дертке айналғанын түсіндіру мақсатында біз қолдан келген амал-тәсілдерді қолданып-ақ жатырмыз. Бірақ нәтижесі өте баяу,  деді бас маман.

Әлемде жыл сайын темекінің кесірінен 6 миллионға жуық адам қаза табады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 8 миллионға жетеді деп болжап отыр. Және осы  ұйымының дамушы және дамуы төмен елдер тұрғындарының 80 пайызы темекіден бас тарта алмауы себебінен, соңы өліммен бітетін ауруларға душар болып жатқаны туралы деректері бар. Жиынға қатысқан мамандар осы мәселелерді ортаға салды. Өз кезегінде дін өкілдері де темекі шеккеннің зиян екенін айтты.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button