Денсаулық

Жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтан!

Жыныстық  қатынас  арқылы ауру жұқтырған адамдарға медициналық көмек  қалалық   тері-венерологиялық   диспансерінде   көрсетіледі. Жалпы бұл жолмен берілетін аурудың 20 түрі жиі кездеседі. Қазақстанда  негізінен мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, СПИД, остроконечный кондилематоз, аногенитальный  герпес секілді түрлері кездеседі. Оның ішінде мерез аса қауіпті, жұқпалы ауру саналады. Ауру адамның  барлық  мүшелерін, талшықтарын зақымдайды. Егер емдемесе, балаларына да жұғады. Мерез ауру адамнан сау адамға тері және тікелей жыныстық қатынас арқылы  жұғады. Сондай-ақ сүйіскен кезде ауыздың  шырышты  қабаты  арқылы  түкірікпен  немесе    тамақ  ішетін  ыдыстар  арқылы  жұғады. Ал соз — Нейссер  гонококы  қоздыратын  ауру. Соз жыныстық  қатынас  арқылы  жұғады. Ер адамдарда бұл ауруы несеп  жолдарының  зақымдануы арқылы білінеді. Аурудың жасырын кезеңі  5-7 күннен 2-3 аптаға дейін созылады. Ал әйелдер ауру жұқтырғаннан кейін қызуы көтеріледі, етеккір циклі бұзылып, іштің төменгі жағы ауырады.  Трихомоназ тек адамның денесінде, жыныс мүшелерінде ғана тіршілік етеді. Сол сияқты хламидиоз, гарднеллез аурулары да жұқпалы келеді.

Бұл аурулар кездейсоқ және көп адаммен жыныстық қатынасқа түскеннен, гигиеналық шараларды сақтамағаннан болады.  Аурудың алдын алу үшін адамдар сақтануы керек. Ал ауырған жағдайда тері-венерологиялық диспансерге барып, дәрігерге қаралу керек. Бұл ретте азаматтар ұялмауы тиіс. Себебі ауру асқынса, емделуі қиынға соғады. Ал өз бетімен дәрі қабылдауға болмайды.

О.ИМАНСУ,

облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button