Білім

Олимпиададан олжалы оралды

Жуырда Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен ІХ республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиададан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері жүлдемен оралды.

Атап айтсақ, университеттің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша олимпиадаға қатысқан «Болашақ» тобы ( топ мүшелері — Н.Жақсыбай, Н.Жаниет, Ұ.Сәрсенбай, Г.Әбілхан) жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды жеңіп алса, осы топтың мүшесі Ұлмекен Сәрсенғали «Келешекке кемел біліммен» атты кезеңде 1-орынға ие болды. Ал топ мүшесі Нұргүл Жаниет «Үздік практик» номинациясын иеленді.

Сондай-ақ университеттің дефектология мамандығының студенттерінен құралған «Жаңа толқын» және «Педсовет» тобы пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. «Педсовет» тобының мүшесі Қарылғаш Қанағатова «Білім — жеңістің кілті» атты кезеңде 3-орынды иеленді.

Студенттер олимпиада барысында өздерінің білімдерімен, өнерлерімен оқ бойы озат шықты. Аталған үш топтың жетекшілері — Ж.Қартбаева, Г.Төретаева, Е.Шестаковалардың да студенттердің осындай жетістіктерге жетуіне қосқан үлесі зор.

Айта кету керек, педагогика институтының директоры С.Досжанова мен мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының меңгерушісі  К.Төребаева студенттердің олимпиадаға жан-жақты дайындалуларына көмек көрсетіп, топ мүшелеріне үнемі қолдау көрсетіп отырды.

 

А.АЙДАРОВА.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button