Ресми

Көктемгі аң аулау талаптары бар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №265  бұйрығымен  2017 жылғы 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынды және кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшерін бір аңшыға бес дараққа дейін шектеу қойылды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы бұйрығына тыйым салатын норма енгізілді. Көктемгі аң аулауға тыйым Қазақстанның барлық аңшыларына қатысты және жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын бұзбауға міндеттейді.

Көктемде атылған бір ғана құс күзде ауланған құстың бесеуіне теңестіріледі — көбею мерзімінен бұрын құстарды олжалау шаруашылық көзқарас негізінде тиімсіз. Қыстап шыққан, алыс жерлерден ұшып және ұялау мақсатында бұрынғы мекеніне оралған құстарды ату моральдік көзқарас жағынан да дұрыс емес.

Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптары бұзылса, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 382-бабына сәйкес, аңшыға 11 345 теңге көлемінде айыппұл салынады.

 Асхат КӨБЕНОВ,

облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button