Ресми

Екінші тоқсандағы кедейлік шегінің мөлшері қандай?

Ресми хабар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «2017 жылғы 2-тоқсанға  кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы №30 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылғы 2-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалды.

Осыған орай, Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылдың 1-тоқсанындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20431 теңге,  2017 жылдың 2-тоқсанына  кедейлік шегінің  мөлшері 8172 теңгені құрады.

 Гүлсара ГҰМАРОВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің бас маманы. 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button