Білім

Мектеп түлектері тегін оқиды

Кәсіптік бағдар

Мәртөк ауданының білім бөлімі кәсіптік бағдарға байланысты ақпараттық кездесу өткізді. Оған Ақтөбенің жеті  колледжінен және Жайсаң көппрофильді  колледжінен,  Орынбор мемлекеттік университетінен өкілдер шақырылды.

ҚР Президентінің халыққа арнаған биылғы Жолдауына сәйкес  елімізде тегін кәсіптік білім беру енгізілді. Ауданда 311 мектеп бітірушілермен өткізілген жиын осымен байланысты еді.

Өткен жылы аудандық әкімдік Орынбордың мемлекеттік университетімен меморандумға қол қойған болатын.  Соған сәйкес  қазір бұл жоғары оқу орынында мәртөктік студенттер тегін оқиды.

Кездесуде аталған жоғары оқу орнының  әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі  деканының орынбасары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ирина Бочкарева, тамақ өндірісі технологиясы кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Николай Владимиров, тағы басқалары сөйлеп, оқу орнының жаңалықтарына қанықтырды.

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары қонақтарға еркін сауалдар беріп, жауаптар алды.

Ақтөбелік және жайсаңдық колледждердің  өкілдері әңгімелеген кәсіптік мамандықтар да мектеп бітірушілердің қызығушылығын туғызды.

Кездесу соңында Қызылжар орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ангелина Варенцованың анасы Екатерина Крастынь  ертеңгі мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беруге байланысты осы шараны ұйымдастырушыларға  өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Елена ОНИСЬКОВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button