Құқық

Ветеринарлық анықтамалар жаңа жүйе арқылы беріледі

Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің күрделі бір мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыстың қоғамға тигізер зардабы мол екені белгілі.

Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп бағзыдан-ақ бұл кеселден сақтандырған.

Елбасымыз жемқорлыққа қарсы күресте алға қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз қарым-қатынасы мен кешенді әдістері қажет деп білеміз.

Бұл бағытта біздің ветеринария саласында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рәсімдеу құжаттарын азайту және мемлекеттік қызметті электрондық жүйеге көшіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ветеринарлық құжаттарды беру және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2016 жылдың 1 ақпанынан ветеринарлық  анықтама «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, ветеринарлық анықтамалар Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі  арқылы беріледі. Сондай-ақ, облыс аумағында ветеринарлық анықтамалар беру, ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіре отырып, ветеринарлық паспорт беру қызметтері  мал иелеріне ақысыз көрсетіледі.

Адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу, зерттеу  ветеринарлық іс-шараларды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринарлық ұйымдар материалдық-техникалық жарақтандыру бағдарламасы негізінде қажетті арнаулы автокөліктер мен құрал-жабдықтар жиынтығымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинарлар, біліктілікті арттыру курстары, халық арасында мал ұстаудың ветеринарлық талаптары жайында түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Кеңес ҚАНАТБАЕВ,

облыстық ветеринария

басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button