Құқық

Қос нұсқаулық және жүйелі жоспар

Жемқорлыққа жол жоқ

Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізуде.

2013 жылдан бастап балабақша басшылығы нормативтік және әдістемелік құжаттар жинады. Атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң,  ҚР Президентінің 2014 жылғы №986 Жарғысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, облыстық жемқорлыққа қарсы материалдар жинағы, «Мен жемқорлыққа қарсымын!» ақпараттық бұрышы, т.б. бар.

Балабақшада жыл сайын ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жөнінде тапсырма сұрақтары қарастырылып, балабақша әкімшілігі ата-аналардың ойын анықтау мақсатында «Сенім телефоны» мен хаттарға арналған пошта жәшігін енгізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында тәрбиешілер жемқорлыққа қарсы бағытталған  шығармалар жазып, ата-аналармен бірлесе «Азамат және жемқорлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа менің көзқарасым» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылып,  «Жемқорлықты қалай жоюға болады?» атты тренинг пен «ҚР сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында пікірталас өткізілді.

Балабақша қабырғасында сондай-ақ үнемі балаларды адалдық, шыншылдық қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ертегі-қойылымдар қойылып, әңгімелесу сағаттары жүргізіледі. Атап айтсақ, тәрбиешілер В.Чипегина,З.Баекова «Добрые чувства» ертегі-қойылымын әзірлесе, Г.Ұзақбай бала құқығы тақырыбына оқу жарысын ұйымдастырды.

Сонымен қатар балабақша №9 «Бәйшешек» балабақшасымен бірлесіп «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты әдістемелік нұсқаулық шығарды.

Ал өткен жылы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық баспасынан мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық балабақша меңгерушісі А.Үркімбаеваның құрастыруымен жарыққа шықты.

 А.ДҮЙСЕНОВА,

әдіскер.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button