Жаңалықтар

ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерінің тұсаукесері өтті

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Басқосуда коммерциялизациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің кәдесый өнімдерімен таныстырды.

«2016 жылдың тамыз айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі лицензиаттарын таңдау шарасы өткізілген болатын. Бұл — ел арасында, сондай-ақ шетелдерде сатылатын халық пайдаланатын кең спекторлы тауарлар. Ең маңыздысы, фирмалық тауарлар арқылы көрме туралы естелік қалдыру», —  деді Д.Еркімбаев.

Бүгінгі таңда ағаштан, теріден жасалған өнімдер, шағын кәдесый өнімдері, мобильдік, іскерлік аксессуарлар, полиграфия, ойыншықтар, ересектер мен балалар киімдері, зергерлік бұйымдар, кондитерлік өнімдер, музыкалық құралдар, коллекционерлер үшін тауарлар және басқа көптеген тауарларға ұсыныстар қабылданады.

Бұл тауарлар көрме аумағындағы фирмалық дүкендерде, әуежай, теміржол вокзалы, ірі сауда, ойын-сауық орталықтары арқылы сатылмақ. Барлық тауарлар өндіруші компания есебінен жасалады.

Бүгінгі таңда 110 түрлі көпшілік пайдаланатын өнімдерді шығару анықталды және де комиссияның алдын ала қарауынан 13 компания өтті.

«Қазірде 70 өнім бойынша тауарлар үлгісі әзірленіп, бекітілді, оның кейбірін алдарыңызға ұсынып отырмыз. Лицензиаттарды таңдау рәсімі ай сайын жүргізілуде. Өтінімдер 2017 жылдың наурыз айына дейін қабылданады», — деді Д.Еркімбаев.

expo2017astana.com

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button