Жаңалықтар

7 адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678-әскери бөлім әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні болып, 7 адам қаза тапты.

Жауынгерлік дайындық сабағына барлығы 23 адам қатысқан. Қар көшкінінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 16 адам құтқарылып, 7 адамның мүрдесі табылған. Кіші сержант Мақсат Қыдырбаев,  кіші сержант Әуесбай Ерісбаев, келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Тілеужан Кеңесов, кіші сержант Әмір Аралбаев, келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Мақсат Шәкен, ефрейтор Мұхит Тұрысмағанбетов және аға лейтенант Әлішер Мошабаев оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған Үкімет комиссиясы құрылып, Жамбыл облысына келді. Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді.

Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес, әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай үлес көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу барысын ҚР  Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жеке бақылауына алды

 inform.kz сайтынан.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button