Жаңалықтар

Мақсат — импорт алмастыратын өндірісті ұлғайту

Меморандум

«Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» АҚ-да ұжымдық шарт пен өндірістік бағдарламаның орындалуы мәселесі бойынша өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов қатысты.

Онда акционерлік қоғам бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары А. Әміров есеп берді.

«Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» АҚ кешенді мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтар өндірісі бойынша Қазақстанның ең ірі мамандандырылған машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт 2001 жылы мұнай жабдықтарының импорт алмастыратын өндірісін ұйымдастыру үшін құрылған.

Зауыт Қазақстандағы сорғы штангаларын дара өндіруші және еліміздің қажеттілігін 80% мөлшерінде қамтамасыз етеді. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны 211 адамды құрайды. Мұнда 2015 жылмен салыстырғанда орташа еңбекақы 8,5%-ға, жұмысшыларға бөлінетін әлеуметтік төлемдер сомасы 1,3%-ға ұлғайтылды.

Жиналыста Елбасы Жолдауында белгіленген басымдықтарды ескере отырып, өндіріс көлемін арттыру, жаңартпаларды енгізу, жоғары білікті мамандарды даярлау, кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтеріндегі қазақстандық қамтуды ұлғайту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде өңірлік деңгейде алдағы келісілген іс-әрекеттер мен өзара түсіністік бойынша облыс әкімдігі, кәсіпорын басшысы және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.

 Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button