Жаңалықтар

Басты мақсат — мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Елбасы Жолдауы — жаңғыру жолы

Ақтөбе қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның төрағалық етуімен өткен жиында Елбасы Жолдауы талқыланып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2016 жылдың жұмысы қорытындыланып, биылғы жылға қойылған міндеттер сарапқа салынды.

Шараға қалалық бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше мән берген. Бұл жөнінде маңызды құжатта: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып,  қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек» деп көрсетілген. Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында ақпанның 4-і облыстық бірыңғай іс-шаралар жоспары бекітілді, — деді Ләззат Оразбаева.

Жиын барысында сөз алған қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлан Күнтуов қала мекемелері көрсеткен мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, өткен жылдың облыс орталығында жалпы саны 196 387 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 73,7 пайызы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, қалғаны электрондық форматта көрсетілген.

 Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button