Денсаулық

Екпе — тиімді әдіс

Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектепте «Баланы аурудан қорғаудың ең тиімді әдісі —  екпе!» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.

Жиынға ҚР ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қаласы бойынша төрағасы Ахат Мырзалин, Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Нұрғиса Пұсырманов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологы Мәди Орынбай қатысты. Сондай-ақ қаладағы №5 емханадан дәрігерлер келді.

Кездесуде екпенің бала денсаулығына әсері айтылды. Оның ішінде жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы жан-жақты түсіндірілді.

— Мақсат — ата-аналар арасында екпенің пайдасын кеңінен насихаттау. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан арнайы шаралар ұйымдастырылып жатыр. Алдағы уақытта қаладағы бірқатар мектептерде осындай кездесулер өтеді, — деді Нұрғиса Пұсырманов.

Жиын барсында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button