Білім

335 оқушы — облыстық олимпиаданың жүлдегері

Жақында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің   женімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

5-6 қаңтарда өткен олимпиадаға барлығы 801 оқушы қатысты. Қорытындысында 335 дарынды жас өз білімдерін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды.

Шара барысында «Үздік облыстық білім беру ұйымы», «Үздік инновациялық мектеп», «Үздік жалпы орта білім беретін мектеп», «Үздік команда», «Үздік олимпиадалық команда» номинациялары бойынша оқушылары жоғары белсенділік пен  жоғары  білім деңгейін көрсеткен мектептер және білім беру ұйымдары марапатталып, көшпелі кубоктар табысталды. Сондай-ақ, марапаттау салтанатында математика, физика, информатика пәндері бойынша  өткен ХIII халықаралық Жәутіков олимпиадасында топ жарған оқушыларға — дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының  10-сынып оқушысы Нұрлыхан Қайырлы (күміс медаль) мен 9-сынып оқушысы Ақылбек Айтқалиға  (қола медаль) жетістіктері үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Жиын барысында  сөз алған облыстық олимпиаданың жеңімпазы, облыстық мамандандырылған физика-математика интернатының 11-сынып оқушысы Мағжан Сейпілмәлік жетістікке жеткені үшін ұстаздары — мектеп директоры  Қарагөз Тілеумағамбетоваға және Ұштап Таңатарова, Орынбасар Саржанов, Бауыржан Есенғалиларға алғысын білдірді.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button