Денсаулық

556 әйел жатыр обырына шалдыққан

Баспасөз кеңесі

Дүнежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай қалада «Менің қолымнан келеді! Біздің қолымыздан келеді!» атты онкүндік басталды.

Шара аясында қатерлі дерттің алдын алу, дұрыс тамақтану, вирустық аурулардан сақтануға қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары жүреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы ретте арнайы баспасөз кеңесін өткізді.

Жиынға қатысушы онкологтардың мәліметінше, былтыр 556 ақтөбелік қыз-келіншектен  жатыр обыры анықталса, 157 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде өткен жылы асқазан қатерлі ісігіне шалдыққандар саны көп болған.

Онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтауға арналған шара облыста 1-10 ақпан аралығында өткізіледі. Қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігерге қаралып, скринингтен өтуі керек.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button