Құқық

4265 тұтынушыға 10,5 миллион теңге қайтарылды

Прокуратура

«Энергоси­стема» ЖШС қадағалау актісі бойынша тұтынушылардан абоненттік қызмет көрсетуді қабылдағаны, яғни оларды (әрбір пәтер иесін) электр желілеріне қосқаны үшін заңсыз төлетілген жалпы сомасы 10,5 миллионнан астам теңгені 4265 тұтынушыға қайтарды.

Мұндай қосылу көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс компаниясымен жүргізілген (әр пәтерден 2,5 мың теңге). Сондай-ақ,«Энергоси­стема» ЖШС-ның қызметінде тұтынушылардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, өз бөлімдерінде заңнамамен қарастырылмаған келісімдерден, сондай-ақ оларға мүлдем тиесілі емес электр

желілерінен өтуді талап ету (техшарттар) деректері анықталды.

Қадағалау актілері бойынша  «Энергоси­стема» ЖШС Табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін бюджетке жалпы мөлшері 3,5 млн теңге айыппұл төлеу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұтастай алғанда, аталған салада жүргізілген 14 тексерудің нәтижесі бойынша анықталған заңбұзушылықтар үшін 18 монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке

тартылды.

 

 

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button