Денсаулық

Остеохондроз қалай пайда болады?

Кез келген ауру салқыннан пайда болады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін өзіңді шымырлыққа шыңдағаның дұрыс. Әсіресе, түрлі жаттығу жұмыстарын жасау, таза ауада көп жүру, дұрыс тамақтану — денсаулықтың кепілі. Дәрігерлер соңғы кезде остеохондроз  ауруына шалдыққан адамдардың көбейгенін айтады. Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірінші санаттағы невропатолог дәрігері Рысты Сұлтанова былай дейді:

Остеохондроз  дегеніміз не? Остеохондроз — сүйек және шеміршектердің қабынуы. Остеохондроз туберкулез ауруынан немесе сүйектер мен буындарға іріңді инфекцияның түсуінен пайда болады. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын  тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық процесс жүреді. Науқастың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды. Сүйектің пішіні өзгермес үшін науқасты қозғалтпай тыныш жатқызу керек. Ауырсынуды азайту үшін ауырған жерге жылу басып, қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер берген жөн. Жалпы, бұндай аурудан айығу үшін курорттарға барып емделіп, қара балшықты пайдаланған тиімді. Негізінде остеохондроз — сүйектердің буын араларына минералды тұздың жиналуы. Оның белгілері сан алуан. Остеохандроз мойын, кеуде бел омыртқалар бөлігін қамтиды.

Кейбір еңбектерге сүйенсек, аталған аурудың 52 түрі бар. Кейде адамдар ағзада орын алған функционалды өзгерістерді елемей жүре береді. Ал мұндай белгілерге мыналар жатады:  мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың бұлшық еті салдырап тез талып қалады. Ал күн ұзағына қозғалмай үстелде отырып жұмыс істеу ауруды асқындырып жібереді. Иық немесе буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит ауруымен шатастыруы мүмкін.  Остеохондрозға шалдыққанда омыртқа арасынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншиды. Ал бұны біреулер инфаркт немесе стенокардия ауруымен шатастырады. Мәселен, мойын омыртқа остеохондрозында  миды қоректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12 пар мидың жүйелері мен ми сүйегі зақымданады. Бұнда неше түрлі белгілер байқалады. Бас пен желке тұсы  ауырып, көз бен жұтқыншаққа да әсер етеді. Кейде адам лоқсып құсуы мүмкін. Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам бар тепе-теңдіктен айырылып түзу жүре алмайды. Әсіресе, көлікке отырып түскен кезде бір жағына қисайып кететін болады. Көзге әсер еткенде көз алды сағымданып, перде тұрғандай немесе ұсақ шыбын-шіркейлер ұшып жүргендей көрінеді. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай қырылдап қалады. Адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпелеушілік, қорқыныш, абыржу, ұмытшақтық пайда болып, ұйқы бұзылады. Ересектер арасында бел омыртқаның зақымдануы, яғни радикулит жиі кездеседі. Аталған ауру қыс мезгілінде жылусыз техника жүргізгенде немесе мал баққанда пайда болады. Ең алғашқы белгісі — белдің ауруы. Бұл күтпеген жерде кенеттен ұстап қалады. Бел бұлшық еттерінің бірден қатты жиырылып, шымырланып қалуынан ауру оқыс ұстайды.  Ауру ұзаққа созылғанда ауыратын нүктені табу қиын. Бұндай кезде арқаны тік ұстау керек, сол кезде омыртқа жотасы жамбас сүйекке қатты кірігеді де оның арасындағы сақиналы дөңгелектерге күш бірдей түседі. Сонда ешқандай қолайсыз әрекеттерге жол берілмейді. Аурудан айығудың ең тиімді жолы — дене жаттығуларын жасау, суда жүзу.

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,

Облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының баспасөз маманы.

Басқа жаңалықтар

49 Comments

    1. Халык емшилигинде емдеу жолдары оте коп металдармен осимдик жан жануарлар онимдеримен емдейди. Жалпы буын аурулар бурын коп болмады. Сонгы 20 жылда кобейди ауруды емдеу ушин неден болганын аныктау керек.турли китап басылымдар шыгып жатыр кей жагдайда кошпендилердин биологиялык епекшеликтери отырыктанган елдерден болекболады. Мысалы СаРС катарлы кейбир аса кауыпты аурулар кошпендилерге жукпайды дене жаракаты тез жазылады дегендей. Осы тургыдан карасак халык емшилигине суйенуге де болады.

  1. Салеметсіздерме! Менің сіздерге қояын деген сұрағым осы остеохондроз ауруын қалай емдеуге болады. Ол үшін не істеу керек. Менің анашым жасы 52-де көп балалы ана. Ананмның осы Остеохондроз ауруымен ауратын еді. Дәрігерлерге қаралған болатын және сол дәрігерлердің берген дәрілермен уколдарын алған болатын бірақ әсер еткен жок дейді. Енді не істеуге  болады. Мен анамнын көз алдымда ауырып қиналғанын көргім келмейді. Ол кісі қиналса менде қиналамын жаныма жаман батып жур. Қолымнан келері тек күнделікті массаж жасаудамын. Отбасымызда менен үлкен апкем бар ол кісі тұрмыс құрып кеткен, одан  кейінгісі мен, менен кейінгілері кішкентай. Мен биыл ғана университет бітірдім енді ғана жұмысқа орналастым, менің тапқан ақшам мамамды емдетуге жетпейді. Бірақ қолымнан келгенше көмектесудемін…  Маған осы аурудан қалай жазылып емделуге болатынын айтсаныздар және ол үшін не істеу керек екендігін білсем деп едім? Жауабын асыға сарғая күтемін. Алдына ала рахмет!!!!

    1. Салеметсизбе ,Акмарал , туз жиналган маманызга , ламинарин деген табиги оним бар тениз балдырынан жасалган , соны алып бериниз… окинбейсиз , жаксы комектеседи, ишеди онимди , денесиндеги инфекция , туз , вирус барин жойып жибереди.

  2. Салеметсіздерме! менің жасым 27 де,2 ай бұрын белім қатты ауырып жатып қалған болатынмын,сосын дарігерге көрініп берген укол,дәрі-дәрмектерді қабылдап жақсарып калғанмын,сосын 10 куннен кейін кайтадан ауыра бастады,жумыста көп журсем белім ашып жүргізбей тастайды, Маған осы аурудан қалай жазылып емделуге болатынын айтсаныздар және ол үшін не істеу керек екендігін білсем деп едім? Жауабын асыға күтемін. Алдына ала рахмет!!!!

  3. Саламатсыздарма? Менин жасым 26 да. Менин белим ауырады даригерлер укол жазып береди салдырам жаксы болып калади бырак жыл сайын коктемде или кыста кайталап ауырып калады. Врачтар остеохондроз диди оны калай емдеуге болады

  4. Салеметсиздерме. меним жасым 24 те. иык жак ауырып омырауымен журегимде ауырат. какай емделуге болат. отинем жауаптарынызды тосам.

  5. Саламатсыздарма, менің жасым 40-та. Бір жерде қозғалмай отырып күніге 10 сағат жұмыс жасаймын. Мойын мен бел остеахондрозына шалдықтым. Қазір күннен күнге әлсіреп аяқ-қолдарым мен белім, арқам қатты ауыратын болып жүр. Қандай ем ұсына аласыздар?

  6. Салеметсизбе ! Менин желкем уйып сол жак жауырыным ашып ауырады сол колым уйып калады не истеуге болады.оган коса басым ауырып айналып турады.бул менде екинши баламды босанганнан кейн пайда болды

  7. Салеметсизбе ! Менин желкем уйып сол жак жауырыным ашып ауырады сол колым уйып калады не истеуге болады.оган коса басым ауырып айналып турады.бул менде екинши баламды босанганнан кейн пайда болды. Жауаптарынызды асыга кутем

  8. Салеметсизбе!мен мрт жасагам мойныма .маган грыжа.гемангиома деген диагноз койды.леченье алдым басылган сиякты .бирак желкем ауырып басымда ауырып турады.массаж алуыма болама жауабынызды асыга кутем .коп рахмет

  9. Сәлеметсіз бе. Мен шамамен 12-13 жасымда ауыр ағаш көтеріп белімді қатты ауыртып алған едім. Сол кезде бірнеше күн ауырған болатын. Қазір 16 жастамын. Соңғы кездері белім сыздап ауырып жүр және бір жері ғана ауырады. Бұған сол кездегі болған жағдайдың қатысы барма немесе баска қандай нәрселер себеп болуы мүмкін?

  10. Менин жасым 30да, 4балам бар сол 4баламды босанганнан кеин белим катты ауырады, отырсам тура алмаимын, белимди жаздырмаиды копке деин белимди жазалмаи турып барып журсем кетем аитеуир, сегиз кози ауырады, ол не болуы мумкин.

  11. Сәлеметсіз бе ! менің анамның жасы 45 те , Остехандрозбен ауырғанына біраз болды, Көптеген дәрілерді алды ,Уколдарды да алды , Бірақ ештеңе көмектеспейді , ОТырғанда , Түнде шалқасынан жатқанда ауырады, Тек қана қырынан жатуына тура келеді,
    Рахмет жауабыңызды күтем!

    1. Остеохондроз ауыруына мануальная массаж көмектеседі.Менде талай рет укол алып шаршаған соң біреулер арқылы есітіп мануал на массажна бардым. Онда тайып кеткен дискиіні орнына қойып береді екен. Маған көмектесті қазір укол алмаймын жағдайдайым жақсы. Екібастұз да Ким Аркадий деген кәріс врач бар сол кісі остеохондрозды емдеудың маманы осы кісі мені емдеді.

  12. Салеметсиздерме мен 20 жастамын менин белим,басым,умытшактык,кусу жанеде журегим шаншуын коймайды,буыным алсиреп,уйкым кашады осы аурудын емин кимен кенесуге болады???

  13. Мен аркамда астрехандрозбен аурып жур кызлордада бир жынды тергеуши газиз аманжолов сол жауыз еки колымды бурап сол уезде колбы таптын калган да аркамда тисип Петти сол енди ауырсада киналып журмин жауыз тергеуши мени ауру кылды канзада деген катыннын дискетине бола

  14. Менде дилимбет айтолкын аркамда тисип кеткен жауыз тергеуши урсып еди колдарымда кайрып енди колдарым уйып аурады аркамда тисип кеткен кызлордада уйде аурып жатырмын адамды адам ауру кылды екенгой

  15. Салеметсизбе! Менин жасым 24те.Мен осыдан 3 кун бурын жумыста журип ауыр зат котерип калып едим белим сыкыр ете тусти. Енди даригерлер укол жазып берди. Бирак комектеспей жатыр. Белим бир жакка кисайып калды. Озим аксандап журмин. Бул бел омырткасынын остихондрозы ма?

  16. Саламатсыздарма менин неше жылдан бери мазалап журген ауруым еки кол,боксем жане иыгым кытырлап аурады козгалсам,айналдырсам тарс тарс етет ол неден?кандай диагнозы?

  17. Сәлематсызба? Менің сурайын дегенім, тунде уйкыға жатарда шалкамнан жаталмай киналамын, тек оң жак жане сол жак бетке жатуыма тура келеді. Белімнің сол жағы қатты ауырады, тунде шалкамнан жаталмаймын. Бул сонда остеохондрозба? Ол ауруды қандай дәрігерге каратсам болады?

  18. Сәлеметсіздерме? Мен 20 жастамын. Біраз бұрын оң жақ иығым ауырып жүрген. Дәрігерге қаралсам острехондроздың басталуы деп «кетотоп» дәрісімен пластьерін бергем оны алты күн қолданып арасын үзіп алдым. Енді оны қайта қолдансам болама? Оны қанша уақыт қолдануым керек. Және де острехондроздың басқа да қандай емдері бар. Күнара иығыма массаз жасап жүрм оны қалай толықтай емдеуге болады? Жауап күтем. Алдын ала рахмет

  19. Сəлеметсіздерме мен жүктімін екіншіме қаным кем 60 гемоглабинмен жүремін содан басым көп ауыратын əзір белім ауырады осыдан 6жыл бурын шыгарып алдым ал енды болса иык желке бел омыртқам қоса ауырады остехандроз емеспа

  20. Менім жасым 20 да басым ауырдыды физические нагрузки түскенде даргерге барып каралдым олар маған остеохондроз шей деп айтты дари іштім уколда алдым бірақ алі ауырганын қоймады не істесем болды катты жанымды қинап жіберді

  21. Саламатсызба! Менің анамның қазір жүріп тұруы өте қиын. Қаралмаған дəрігерімізде алмаған уколымызда жоқ.түнімен ұйықтай алмайды аяғы сырқырап қиналады.Жүргенде белі сықырлайды.Өздігінен отырып тұра алмайды.Қалай емдеуге болады.Дəрігерлер белде грижа бар дейді.Бір дəрігер жамбас сүйегі желініп атыр дейді.Қандай емі бар өтініш қайда қаралуға болады.Рахмет

  22. Салем атсыздар ма! Менің ауырып жүргеніме бес жыл болды.2013 грыжға Оралда операция жасатқанмын L5L4 омыртқасына 2016 желтосанынан жүре алмай жүрмін бармаған жерім жоқ. Грыж өскен омыртқа тайған орнынан келесі операцияға түскім келмейді. Шаршадым. Қандай кеңестеріңіз бар емделуге ақыл айтыңыздаршы өтінем! Алланың нұры жаусын!

  23. Салеметсиздерма менің жасым 19 да басым кысылып ауыр болып кетеді моиыным ауырады екі ыйығым жансызданады остихондроз деп оилаим оиткені бұрын булай ауырмағам 1 ші рет екі балам бар не айталасыздар

  24. Сәлеметсізбе? менің сол жақ иығым,сол жақ кеудем, сол аяғым ауырат. Қандай ем қолдануға болады?
    Қаралдым остихондроз деді.Емді дұрыс қабылдай алмадым

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button