Спорт

Менің жетістігім — мектебімнің мерейі

Санжар БОРАНБАЕВ,

Ярослав орта мектебінің 11-сынып оқушысы,

Әйтеке би ауданы.

Қысқы Универсиада-2017 студенттік ойындардың Ақтөбеде алауын жағу  эстафетасына қатысатыным туралы хабарды мектепте естігенімде, қатты қуандым. Өйткені мен мұндай шараға бірінші рет қатысқалы тұрмын. Бұл хабарды естігенде тума-туыстарым да ерекше қуанышқа бөленді. Мұндай құрметке ие болуыма, біріншіден, өзімнің ұстаздарыма, оның ішінде спорттағы жаттықтырушым Тұрар Манатовқа ерекше алғыс білдіремін. Ол кісіден үйренгенім, әлі де үйренетінім көп.

Спортқа қызығушылығым 4-сыныптан басталды. Өткен жылы қарашада Астана қаласында белбеу күресінен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Мүмкін, сол жетістігім үшін алау эстафетасына қатысу құрметіне ие болып жатқан шығармын. Әрине, бұл жалғыз менің емес, мектебімнің мерейі, мәртебесі деп білемін.

Өкінішке қарай, Алматыда өтетін студенттік ойындарды тамашалауға бара алмаймын. Өйткені биыл ұлттық бірыңғай тест емтиханын тапсырамын. Емтиханға дайындалуым керек. Қазір менің алдымдағы нақты міндет — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  денешынықтыру және спорт факультетіне қабылдану үшін грантты ұту.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button