Білім

Жоба тақырыбы — «ЕХРО»

Байқау

 Ақтөбе қалалық білім бөлімі мен қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың  ұйымдастыруымен «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында «ЭКСПО-2017» байқауы өтті.

Ақтөбедегі Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп базасында өткізілген қалалық деңгейдегі байқауға мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Байқауды өткізудегі мақсат — жаратылыстану пәні мұғалімдерінің «ЕХРО-2017»-ге дайындық аясында жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, қолдау көрсету, тәжірибелерін жинақтап тарату, жаңа көзқарас қалыптастыру.

Шарт бойынша үміткерлер «ЕХРО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы, «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін?» тақырыбында макет дайындау, Ақтөбе қаласының әсем де көрікті жерлерінен 7 минуттық  бейнекөрсетілім әзірлеуі тиіс болды.

Байқауға қала мектептерінен барлығы 56 үміткер қатысып, жаңа бағыттарға бейімділігін, шығармашылық қабілеттері мен іс-тәжірибелерін танытты, өз өнерлерін көрсетті. Бірінші кезеңде мұғалімдер өздері тәрбиелеп, оқытып, ғылыми жолға бағыттап отырған оқушыларының «EXPO — 2017» көрмесі аясында ойларын, көрмеге ұсынғысы келетін жобаларын жинақтап, форматқа түсіру арқылы қорғады. Жобаны қорғау барысында еліміздің білім саласында көрмені насихаттау жұмыстарының жүйелі жолға қойылғандығы, жас ұрпақтың елімізде алғаш өткелі отырған халықаралық көрменің маңыздылығын жете түсінгендіктері анықталып, қатысушылар қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі — энергия көзін үнемдеу турасында тұшымды ой, тың тәжірибелерімен бөлісті.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қаладағы №1, №12, №31 және Сазды орта мектебі мен «Шаңырақ» жеке мектебінің мұғалімдері ұшқыр ойларымен ерекшеленді.

Үш кезеңнен тұрған тартыс нәтижесінде бас жүлдені №1 орта мектептің география пәнінің мұғалімі А.Биманов пен №31 орта мектептің информатика пәні мұғалімі

А.Скендрова иеленді. Бірінші орын №12 және Сазды орта мектептерінің география және физика пәндерінің мұғалімдері Марат Қабылов пен Мария Өмірбаеваларға бұйырды. Енді жеңімпаздар облыстық байқауда бақтарын сынайды.

 

                                     А.САДЫҚОВА, Г.ЕСҚАЛИЕВА,

қалалық ғылыми-әдістемелік

орталықтың әдіскерлері.

Ақтөбе қаласы.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button