Аяз ата келе жатыр!
Санаулы күндерден кейін Барыс жылы табалдырықтан аттайды. Қазір қала жұртшылығы Жаңа жылға ерекше қамдануда. Алайда мереке біреулерге қуаныш сыйласа, енді біреулер үшін күн көріс қамы. Жаңа жыл қарсаңында ақылы қызмет көрсетуші Аяз аталардың қатары көбейеді.
Мереке жақындаған сайын газет-журналдардан Аяз аталардың жарнамасын жиі көруге болады. Олардың қызметіне қарай бағасы да әр түрлі. Мәселен, Аяз ата мен Ақшақарды шақырғыңыз келсе, балаларыңызға тарататын сыйлықтарыңызды есептемегенде, қалтаңызда бес мың теңгеден жоғары қаржыңыз болуы керек. Бұл баға сұранысқа орай 31 желтоқсан күні көтеріліп кететіні тағы бар. Біздің қаламыздағы Аяз аталар да Жаңа жылға он күн қалғанда өз жұмыстарын бастады. Мейрамханалар мен кафелерде олардың қызметі қыза түседі. Ал саябақтар мен көшеде жүретін Аяз аталар да жұртшылықпен бірге суретке түсіп, тәуір қаржы табуда.
Ресми емес дерек көздеріне сүйенсек, Аяз атаның киімін киіп жұртшылықты қуанышқа бөлеу арқылы он күнде орташа есеппен 50 мың теңге табыс табуға болады екен. Егер жарнамаңыз мықты болып, жақсы жұмыс істесеңіз, екі есе пайда табуға да мүмкіндік мол. Алайда бұндай Аяз аталармен тілдесудің сәті түспеді. Көпшілігі жұмысының жұртқа жария болғанын қаламайды. Тіпті салық қызметкерлері білсе, заңсыз пайда тауып жүрсің деген оймен де шүйлігуі мүмкін екен.
Ал «Алақай» қуыршақ театрының әртісі Ербол Исмағұловтың театрда Аяз ата болып балдырғандарды қуантып жүргеніне жеті жыл болыпты. Осы уақыт аралығында Аяз ата түрлі қызықты оқиғаларға куә болғанын айтады. Тіпті жыл өткен сайын балалардың мейірімді қариядан сұрайтын сыйлықтары да күрделеніп келеді екен.
— Жыл сайын театрдағы мерекелік бағдарламалар желтоқсанның жиырмасынан басталады. Арнайы бағдарлама әзірленіп, жылдың кейіпкерлері дайындалады. Мерекелік кештерде әртістер түрлі маска киіп балаларды қуантуға тырысады. Қазіргі күні театрда үш Аяз ата бар. Мектептер мен балабақшаларға, өзге де орындарға барып арнайы кеш өткіземіз. Балалардың Аяз атаға деген сенімі сондай, олар армандаған заттарын бүкпесіз хатқа жазып, сол затты әкеліп беруін өтінеді. Кейде тіпті көрсетпей қалтаңа салып жіберетінін қайтерсіз. Бірақ қазіргі балалардың Аяз атадан күтетін сыйлықтары біз ойлағандай емес, өте үлкен. Олар қарапайым затты місе тұтпайды. Қазір компьютер, ішінде отыз ойыны бар «Гинбой» секілді ойыншықтарды сұрайды. Жақында Новый селолық округіне бардық. Сонда бір бала «Аяз ата маған компьютер әкеліп беруіңізді өтінемін» деп хат жазып, қалтама салып жіберіпті. Сондай-ақ кейде жұмыстан тыс уақытта да Аяз ата болуға тура келеді. Жаңа жыл жақындағанда ата-аналар театрға хабарласып, үйлеріне шақырып жатады. Баланың көңілі үшін оларды қуантып кетуге тырысасың. Тіпті осындай кезде қызық оқиғалар да кездесіп қалады. Бірде бір ата-ана баласының Аяз атаға көзілдірік әкеліп беруін өтініп хат жазғанын, содан сыйлықты алып қойғанын айтты. Белгілі бір уақытты белгілеп мені үйіне шақырды. Алайда мен баратын кезде анасы көзілдірікті сындырып алып, жоспарды ертеңгі күнге қалдыруды өтінді. Мереке жексенбі күнге сәйкес келгендіктен, көзілдірік табу қиын. Бірақ баланы алдауға болмайды. Сөйтіп жабыла көзілдірік іздеп, кішкентай бүлдіршінді әрең қуантқанымыз бар. Дегенмен, балалардың қуанышын көру үлкен бақыт. Сондықтан олардың көзінше киімімді ауыстырып, бүлдіршіндердің сенімін алдағым келмейді, — дейді Ербол.
Алайда Ерболдың өзі әлі күнге дейін Аяз атаға сенетінін, бала кезінде мейірімді ата қайдан келеді деген сұраққа бас қатыратынын айтты.
—Қазір кішкентай бүлдіршіндер болмаса, естияр балалардың өзі Аяз атаға сене бермейді. Ал менде әлі күнге дейін сол қарияға деген сенім бар. Тіпті бала кезімде Аяз ата қапшығына сыйлықтарды толтырып Сібірдің қалың орманынан шығады деп ойлайтынмын. Бастауыш сыныптарда оқып жүргенде шын көңілмен сыйлық күтетін едік. Әрі ол уақытта заман басқа болғасын шығар, біз қазіргі балалардай үлкен сыйлықтар күткен жоқпыз. Бізге сыртына «Жаңа жыл құтты болсын!» деп жазып, ішіне бір алма, екі-үш түйір кәмпит пен печенье салынған қорапша беретін. Соның өзіне мәз болып, көпке дейін еске алып жүреміз. Ал қазіргі балалар интернетпен жұмыс істейді. Олар мультфильмді де теледидардан емес, театрдан көргісі келеді. Сондықтан олардың Аяз атадан күтетін сыйлығы да қомақты, — дейді ол.
Аяз ата қайдан келеді?
Аяз ата кім? Бұл туралы ойланбаған бала аз шығар. Тіпті үлкендердің өзі Аяз ата десе балалық шағын бір еске алатыны анық.
Аяз ата туралы аңыз әңгіме өте көп. Ол туралы әр түрлі пікір айтылады. Мәселен, тарих ғылымдарының докторы, әзірбайжан ғалымы Эльнур Гасановтың деректеріне сүйенсек, қазіргі Түркияның Патара қаласында Santa Klaus деген шіркеу бар екен. Бұл қала антикалық кезеңде Гизия қаласы деп аталған. Үшінші ғасырдың соңында осы қалада көпес отбасында болашақ священник Николас дүниеге келген. Ол жастық шағында пенделік тіршіліктен қол үзіп, монастырьге кетеді. Орта жасқа келгенде Николас Патара қаласының басты священнигі боп тағайындалады. Аңыз бойынша осы қалада бір кедей кісінің үш қызы болыпты. Тұрмысы нашар отбасы қыздарын тұрмысқа шығару үшін қанша ақша жинаса да теңгесі құралмапты. Бұл жағдайды естіген священник ол үйге білдірмей келіп, бірнеше қалта алтын тастап кеткен көрінеді. Мол байлыққа кенелген қыздар өздерін толғандырып жүрген барлық мәселелерін шешіп алыпты. Сол уақыттан бастап христиандарда «Қасиетті Николас» мұқтаждарға көмектеседі деген сенім қалыптасады. Священник Николас 343 жылы 65 жасында қайтыс болады. Ол қайтыс болғаннан кейін де, оның қабірі миллиондаған адамдарға үміт пен сенім әкелді.1087 жылы Патара және Мура қалалары орналасқан аймақты түрік мұсылмандары басып алады. Содан кейін христиандар Николастың табытын жасырынып қазып алып, оның сүйегін Бари аралына алып кеткен.
Сөйтіп Аяз ата Жаңа жыл күні сыйлық тарататын мейірімді шал бейнесінде халықтың жүрегінде қалыпты.
Жалпы, Аяз атаны әр елдің әр түрлі айтатынын білеміз. Мәселен, Ресей мен Белоруссия халқы Дед Мороз деп атаса, енді біреулері ежелгi атауына орай Дед Трескун, Карачун деп атайды екен.
Ал Америка мен Австралия елдері мейірімді қарияны Санта Клаус десе, көрші өзбектер Корбобо деп атайды. Және оның қасында Коргыз деп аталатын кішкене көмекші қыз еріп жүреді. Сонымен, Аяз ата Финляндияда — Йоулупукки, Австрияда — Сильвестр, Францияда — Пер Ноэл, Алтай өлкесiнде — Соок-Таадак, Англияда — Батюшка, Грекия, Кипрде — Әулие Василий, Данияда — Юлетомте, Юлеманден, Батыс славян жұртында — Әулие Микалаус, Испанияда — Папа Ноэль, Қалмақияда — Зул, Камбоджада — Жар ата, Жапонияда — Одзи-сан, Моңғолияда — Увглин Увгун деген секiлдi қызықты атауларға ие. Ал Норвегияда Жаңа жыл күні ергежейлі Ниссе деп аталатын Аяз ата жұртшылықты қуанышқа бөлейді.
Атаулары да әр түрлі болғандай Аяз аталар тек қана қызыл шапан кимейді. Мәселен, өте сәнқой аяз аталардың бірі — Пер Ноэль. Ол басына француздық әшекейленген әдемі ақ қалпақ киіп жүрсе, Әулие Николай епископ мантиясын киеді. Аяз аталардың сапар шегіп, сыйлық таратулары да әр түрлі. Мәселен, орыстың Аяз аталары ақ боз атқа мініп орманнан шығады. Және олар сыйлықтарын ешкімге білдірмей шыршаның түбіне қойып кетеді. Ал Еуропа елдерінің аталары бұғы жеккен шанаға отырып, алыс елдерді аралайды. Олардың бірі шұлық, бәтеңке, көйлек таратса, бірі түрлі тамақтар әкеледі. Бірі сыйлықты терезенің алдына қойып кетсе, бірі пеш ішіне қалдырып кетеді екен.
Жаңа жылда қуаныш пен береке, бақыт сыйлайды деген сеніммен мейірімді қарияны барлық адам жақсы көреді. Сондықтан олар отбасылық мереке ретінде үйлерінде отырып жыл қариясының сыйлығын күтеді.
Бала кезіңізде кірпік ілмей шыршаның түбінен сыйлық күткеніңіз, Сіздің де есіңізде болар.
Кәмшат ҚОПАЕВА.
***
Кенжеғали КЕНЖЕБАЕВ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
— 2009 жылға ырзамыз, өйткені бұл — біздің университетіміз үшін табысты жылдардың бірі болды ғой деп есептеймін. Өткен оқу жылының ішінде 3 бакалавриат, 2 магистратура бойынша және 8 орта білімді кәсіби мамандықтар аштық. Бір оқу жылы ішінде екі докторлық, сегіз кандидаттық жұмыстар қорғалды.
Университеттің материалдық-техникалық базасы байыпты түрде кеңейтіліп келеді. Бірнеше оқу ғимараттарына мансардтық құрылыстар жүргізу арқылы оқу орындары кеңейтілді. Студенттік жатақхана 100 орынға көбейді. Биыл бес қабатты бір оқу ғимаратын құрылысын бастап, қазір аяқтап та қалдық.
Биыл қазан айында математикадан халықаралық ғылыми конференция өткіздік, оған Ресейдің, Украинаның, өзіміздің елдің елуден астам көрнекті ғалымдары қатысты. Осындай үлкен жиындар филология және экономика саласы бойынша да өтті.
Келер жылда кемелді істерге ұмтылу ойда бар. Соның ең бастысы — бір оқу ғимаратын тұрғызу, университеттің өз технопаркін ашу, университеттің жанынан ғылыми институттар жасақтау, жаңадан бакалавриаттық және магистратуралық мамандықтар енгізу.
Барыс жылы елімізге, халқымызға, оның ішінде ақтөбеліктерге экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуда батыл да серпінді, нағыз барыстық секіріс сәті болсын деген тілек білдіремін!




аяз ата! сизди кай жерде журсекте сиздин суретинизди коремиз,мен сизге хат жолдап отырмын.сизди корсем,танғажайп алемде жургендей боламин аз соз алтын демекши,қысқа нұсқа жазып отырмын мен сизди оте жаксы коремин
Ассалаумағалейкүм аяз ата калыңыз қалаи менің сізге өтінішім маған ноутбук әкеліп беріңізші аман сау болыңыз мен Алматы қаласынанмын атым Салықов Әлібек
Assalaumagaleikum ayaz ata zhana zhiliniz kutti bolsn men zhana zhildi zhana noutbukpen zhane 4g internetimmen karsalgim keledi menin tilegimdi orindanizshi.Meken zhaiim Aktobe kalasi Alga audani gogol koshesi 43 ui