МәдениетТәуелсіздіктің 25 жылдығы

Әлем әртісінің концерті өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазақстан халық әртісі, профессор, скрипкашы Айман Мұсаходжаева өнер көрсетті. Концертке облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Әйгілі скрипкашының өнерін тамашалауға филармонияға халық көп жиналды. Жиында Айман Мұсаходжаева жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

­- Мемлкеттік камералық оркестр 25 жыл бұрын құрылды. Елбасымыз 1991 жылы аспаптар сатып алуға жағдай жасап, қолдау көрсетті. Осылайша оркестр жұмысы жандана түсті. Кейін шетелдерге шыға бастадық. Қазіргі күні әлем елдерінің барлығын аралауға мүмкіндік бар. Ал бүгін Ақтөбе төрінде өнер көрсетпекпіз. Бізді құрметтеп шақырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғыс білдіремін, – деді.

Концерттің шымылдығын «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі ашты. Сондай-ақ «Шабыт» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Айман Мұсаходжаева П.Чайковскийдің «Вальс», И.Бармстің «Венгер биі» секілді шығармаларын және Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Сондай-ақ әлем классиктерінің танымал туындыларын скрипкада ойнатты. Шараның соңында Айман Мұсаходжаеваға облыс әкімінің атынан ықылас гүлі берілді.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button