Құқық

Съезден съезге дейін

Сот

 

Мемлекетіміз Тәуелсіздіктің  арқасында даму жолына түскенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ел экономикасымен қатар сот-құқықтық реформа да қарқындап жүруде. Тәуелсіздіктің бастапқы кезіндегі  сот жүйесі мен қазіргі уақыттағы сот жүйесінің арасында айтарлықтай  айырмашылықтың бар екені, яғни ілгерілеушілік айқын сезілуде. Мемлекет басшысының алдымен экономика, содан кейін саясат деген ұстанымы арқасында басқа салалармен қатар соттардың да жағдайы жақсарды, осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 16-қадамында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету мақсатында сот инстанцияларын оптимизациялау сот төрелігі құрылды. Келесі қадам — еліміздің сот жүйесіндегі атқарылған тың жұмыстардың нәтижесінде судьялыққа  үміткерлерге қойылатын талаптардың  күшейтілуі. Демек, басты норма — бес жыл сот отырысына қатысу жұмыс өтілімінің болу міндеттігі. Кандидаттардың біліктілігін тексеру мақсатында ситуациялық тесттерден, шәкіртақы төленетін соттарда бір жылдық тағылымдамадан өту, тағылымдамадан соң бір жыл сынақ мерзімінің белгіленуі судья қызметіне үміткерлердің біліктілігін қалыптастыруға жасалған нақты қадам болып табылады. Соның нәтижесінде судьялар мен судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді.

Тергеу судьясының өкілеттіктері кеңейтілді, азаматтық сот істеріне прокурордың қатысуы қысқарып, Жоғарғы Сот жанында Сот төрелігі академиясы мен Халықаралық Кеңес құрылды. Сонымен қатар, Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа жұмыс істеуде. Бұл — инвесторлардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған  еліміздің құқықтық саласындағы жаңашылдық. Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен шешілетін сот процестерінің аясы кеңейтілді.

Елбасының судьялардың съезіне үнемі қатысып, алдағы атқарылар жұмыстарға  тың  бағыт-бағдар беруін біздер сот жүйесіне көрсетілген үлкен қамқорлық деп білеміз, соны мақтаныш сезіммен қабылдаймыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2013 жылдың 20 қарашасында өткен Судьялардың VI съезінде сөйлеген сөзінде ұлттық сот жүйесінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясы аясындағы міндеттерін белгілеп берген болатын. Онда сот төрелігі жүйесінің даму әлеуетін көру, проблемаларға сын көзбен қарап, дер кезінде шешуді тапсырды. Соның негізінде, біріншіден, сот өндірісін біртіндеп жаңғыртып, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды арттыру міндеті қойылды. Екіншіден, соттарды мамандандыруды жалғастырып, тергеу судьясы институтын енгізу, оның қызмет аясын кеңейту, алқабилердің қызметін дамыту міндеті қойылды. Судьялардың жүктемесін азайту мақсатында судьялардың және сот мамандарының штатын кеңейту мәселесі үшінші міндет ретінде аталды.

Төртіншіден, сот жүйесіндегі кадр саясатын жетілдіру тапсырылған еді.

Елбасының осы тапсырмаларын орындау мақсатында еліміздің сот жүйесінде екі съезд аралығында айтарлықтай жұмыстар атқарылып, нәтижесінде тапсырмалар толық орындалды. Жоғарыда айтып кеткендей, бұл міндеттер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында анық көрініс тапты.

Осы съездің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуін тарихи үндестіктің, жақсылықтың нышаны деп білеміз. Елімізде саяси-экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуы  арқасында  сот жүйесі соның игілігін көруде.

Қазіргі барлық жергілікті соттарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жұмысы өз мәнінде жүргізілуде. Сот отырысының залдары түгел дерлік аудио-бейне қондырғылармен жабдықталған. Осы заманауи техникалық құрылғы сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге игі ықпалын тигізуде. Сотқа  арыздар  «Сот кабинеті»  бағдарламасы  арқылы электронды түрде қабылдануда.

Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу жолында осындай нақты қадамдар жасау арқылы әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғарғы құқықтық мәдениет қалыптастырылуда. Судья этикасының жаңа кодексінің съезде қабылдануы сол жұмыстардың ретімен жалғасып жатқанын білдіреді. Осы бір тарихи маңызы зор жұмыстың басы-қасында болып, оған атсалысуды  өзіме үлкен мәртебе деп санаймын.

«Судья — халықтың ар-ожданы» деген Елбасы сөзі біздерге берілген баға ғана емес, жаңа міндеттер деп түсінеміз. Әрбір қадамы Заңмен өрілген Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры берік екеніне сеніміміз мол.

 О.БАҚТЫГЕРЕЕВ,

Шалқар аудандық

сотының төрағасы,

Судьялардың VII

съезінің делегаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button