ЖаңалықтарЭкономика

Бюджет қаражатының игерілуі мен салық түсімі бақылауда болады

Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен бюджет-салық саласындағы ағымдағы мәселелер барысы қарастырылған мәжілісте айтылды. 

Мәжіліс отырысына қала әкімінің орынбасарлары мен бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А.Абдуллаеваның Ақтөбе қаласының биылғы 7 айға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 9 айға болжамы, бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы ақпараты тыңдалды.
Ағымдағы жылдың өткен 7 айында өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі — 190,1 млрд теңге, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 106,9 пайыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі — 6,1 млрд теңге (102,7%), негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі — 62,3 млрд теңге (117,3%), меншіктің барлық түрлері бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру — 178 мың шаршы метр (129,8%). Сондай-ақ, осы жылдың 9 айына негізгі көрсеткіштердің болжамы ұсынылды.
Салық салу базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, берешектер бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Джанбуршин мәлімдеді.
Жиын соңында Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы С.Нәби ағымдағы жылдың 8 айы бойынша өткізілген және өткізілетін мемлекеттік сатып алымдар турасында баяндады.
Отырыста І.Испанов атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді. Ол негізгі көрсеткіштерді өсіру мақсатында қосымша іс-шараларды жүргізу, бюджет түсімдерін ұлғайту және бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету міндетін тиісті  құрылым басшыларына жүктеді. Қала әкімі бірінші кезекте жетекшілік ететін салалардың ай сайынғы мониторингі жүргізіліп отырылуын, кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің статистикалық есептілікті расталған және уақтылы жүргізілуінің іс-қимылдарын үйлестіру, статистика департаментімен тұрақты салыстыру жұмыстары жүргізілуін тапсырды. Екіншіден, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін қаладағы барлық салынып жатқан нысандар бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізу және есепке алу бойынша меншік нысанына қарамастан иелері туралы, инвестициялардың сомасы мен пайдалануға беру мерзімі бойынша деректер базасын құрып, нақты шаралар қабылдауды жүктеді. Үшіншіден, бөлінген жер учаскілері бойынша түгендеу жүргізу және меншік нысанына қарамастан игерілу деңгейін анықтау, игерілмеген немесе мақсатсыз пайдалануға берілген жер учаскілері анықталған жағдайда, оларды мемлекет қорына алу, тұрғындарға кезекпен бөлу туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қалалық мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, облыс әкімімен бекітілген салық салу базасын кеңейту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау,  қаладағы әрекет етпейтін шағын және орта бизнес субъектілерін жою туралы тапсырмалар берді.
Жиын барысында Ақтөбе қаласында құрылысы ұзақ салынып жатқан нысандардың иелерімен тиісті жұмыс жүргізілу керектігі де айтылды.

Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы жылдың 9 айы бойынша бюджеттік қаражатты 100 пайызға игеру бойынша қажетті іс-шараларды қабылдауы тиіс.

akimataktobe.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button