Құқық

Параның соңы — сотталу

Ақтөбе облысы бойынша сот сараптама орталығының  директоры Марал Мұстафа 500 мың теңге пара алғаны үшін төрт жыл, сегіз айға бас бостандығынан айрылды.

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 366-бабы негізінде  айыпталған М. Мұстафаға қатысты қылмыстық іс аяқталды.

М. Мұстафа мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаға теңестiрiлген адам бола тұра заңсыздыққа жол берген. Әйтеке би ауданы «Хан моласы» қорымындағы Әбілқайыр хан мемориалды кешені құрылысына қатысты жүргізілген сот сараптамасын «АйнӘД» ЖШС-ның пайдасына шешу үшін 500 мың теңге пара алған. Ақтөбе қаласындағы «Бочонок» кафесінде пара алып жатқан жерінен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұстады.

Сот жаза тағайындау кезінде М.Мұстафаның бұрын сотталмағанын, отбасылық жағдайын ескерді.

Сот үкімімен М.Мұстафаға  ҚР ҚК-нің 366-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттiк лауазым атқару, мемлекеттік мекемеде қызмет істеу құқығынан өмір бойына айырылу және 4 жыл 8 айға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button