Ресми

Тағайындау

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Асқар Шерияздановтың 2016 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Қайрат Орынбасарұлы Отаров «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 Қайрат ОТАРОВ

1968 жылы дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агроном, Ақмола қаржы-экономика колледжін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

Исатай аудандық салық комитетінде бөлім басшысы, Исатай аудандық салық инспекциясында инспектор қызметін атқарған.

Әр жылдары Исатай аудандық салық инспекциясының бөлім басшысы-инспекция басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы болды.

1997 жылғы тамыз айынан бері — «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Ақтөбе филиалының директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button