Ресми

Тағайындау

Облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Шерияздановтың 2016 жылғы 1 тамыздағы өкімі бойынша Салават Даутұлы Вахитов «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Салават ВАХИТОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1975 жылы туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы университетін экономист және менеджер, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бакалавр-заңгер, сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысында 1997 жылы «Асан-Дән» ЖШС-да экономист ретінде бастаған.

Облыстық экономика басқармасында аға, жетекші маман, Батыс Қазақстан облысы бойынша транспорт бақылау басқармасы басшысының бас маманы, басшының орынбасары қызметін атқарды.

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Капиталмұнайгаз» ММ директорының, Астана қаласы бәсекелестікті қорғау агенттігінің заң департаменті директорының орынбасары болды.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясын, бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясын басқарған. Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2016 жылғы мамыр айынан бері — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button