Денсаулық

Қант диабетінен қорғану керек

Аурудың жақсысы жоқ. Дегенмен, қант диабеті қатерлі аурудың қатарынан табылады. Сондықтан да дүние жүзінің дәрігерлері осы ауруға қарсы күресті бірлесе жүргізуде.

Жақында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина орталығы мен «Диабет плюс» ұйымы диабет ауруына қарсы күрес күнін өткізді. Облыстың бас педиатры Аманжол Тұяқбаев аталмыш аурудың белгілері, одан күтіну жолдарын атап өтті. Жасөспірімдерді қосқанда, осы аурумен 61 бала ауырса, оның 34-і жас бала екен. Облыс бойынша 6229 ересек қант диабетімен ауырады.

Мемлекеттік медицина университетінің эндокринология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Ерназар Төлемісов қатерлі факторларды болдырмау жолына тоқталды. Ал облыстың штаттан тыс бас эндикрологы Гүлзира Қалықова, облыстық балалардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Зульфия Байғалиева емделу жолдарын әңгімеледі.

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button