Спорт

Дидар мен Дао

Премьер-Лига

17-турда топ басында келе жатқан «Астана» мен «Ертіс» тең ойнады. «Тобыл» 90+3 минутта соғылған пенальти арқылы жеңіске жетті. «Оқжетпес» бірінші таймда «Ордабасы» командасынан 0:2 есебімен ұтылып жатып, екінші таймда екі қарымта гол соқты.

Бұл турда жерлестеріміздің «Қайраттан» ұтылатыны алдын ала болжанған еді. Тіпті ірі есеп нәтижесі тіркелетіндігіне де шүбә келтіру қиын болды. Әйтсе де осы 2:6 есебі бұдан бұрынғы кейбір 0:1, тіпті 1:1 есептері тәрізді аса ренжіткен де жоқ. Себебі жігіттеріміздің қимыл-қозғалысында абыржулар болғанымен жан аяп қалған ешқайсысы жоқ. Ең бастысы — мұқалмауға тиіс осы ерік-жігер. Дидар Жалмұқан еш тынбастан екі тайм бойы желе-жортып жүрді, әттең әзірге қанаттаса қимылдайтын сенімді серік табылмай тұр. Дегенмен осы ойынның екінші бөлігінде алаңға шыққан жаңа ойыншы, 19 жастағы ивуарлық Лассина Дао сол олқылықтың орнын толтыруға келген сияқты. «Қайрат» футболшысы өзінің айып алаңында осы Даоны шалып құлатқаны үшін төреші пенальти белгіледі де, нүктеге келген Дидар нысананы дәл көздеді. Ал бұған дейінгі, 43-минуттағы гол авторы атанған Кирилл Шестаковқа Никита Бочаровтың аса салқынқандылықпен қимылдап, «Қайраттың» төрт футболшысын кезекпен дәрменсіз күйде қалдырып, пасты қолмен қойғандай етіп тастауы тіпті сүйсіндірді. Жаңылыспасақ, алаңға бірінші рет шығып отырған жас ойыншымыз Нұрбол Жұмашевтің сабырлы қимылы да зор үміт күтуге лайықты болды. Тек бір әттеген-айымыз, жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесуге негізгі қақпашымыз Самат Отарбаев қатыса алмады да, оның орнын басқан Станислав Павлов көңіл жұбатарлық еш шеберлік көрсете алмады. Рас, «Қайраттың» іріктелген футболшыларына дау жоқ, бірақ қорғаушылардың аңғарымпаздығына қоса қақпашы әбжілдігінің керектігі де осындай шақтарда ғой. С.Павловтың 14-турда «Жетісуды» ұтып тұрған сәтімізде қырық шақты метрден соғылған айып добын соншама қамсыздықпен қақпаға енгізіп алуы да қақпашылар жаттықтырушысын көбірек ойландыруы тиіс еді.

Қалай болғанда да, ірі есеппен ұтылғанымызға қарамастан бұл ойын көңілімізді біржола үмітсіздікке ұрындырған жоқ.

«Ақтөбе»-«Қайрат» — 2:6

Гол авторлары: Лукаш Тесак, 4-минут (0:1); Бауыржан Исламхан, 17-минут (0:2); Жерар Гоу, 25-минут (0:3); Андрей Аршавин, 38-минут (0:4); Кирилл Шестаков, 43-минут (1:4); Дидар Жалмұқан, пенальти, 65-минут (2:4); Жерар Гоу, 67-минут (2:5); Исаэль 76 (2:6).

85-минутта Куасси Куаджаға ескерту қағазы көрсетілді.

«Ақтөбе»: Станислав Павлов, Куасси Куаджа, Егор Сорокин, Сандро Цвейба (Лассина Дао, 46-минут), Марат Ситдиков, Никита Бочаров, Вук Митошевич, Дидар Жалмұқан (капитан), Бағдат Қайыров, Кирилл Шестаков (Егор Азовский, 80-минут), Саят Жұмағали (Нұрбол Жұмашев, 46-минут).

«Қайрат»: Владимир Плотников, Исаэль (Нұрлан Дайыров, 87-минут), Жерар Гоу (Виталий Ли, 78-минут), Жарко Маркович, Андрей Аршавин (Тавамба, 69-минут), Лукаш Тесак, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан (капитан), Тимур Рудосельский, Станислав Лунин.

19 маусым. Ақтөбе. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. 6000 адам.

 

*   *   *

 

Басқа кездесулер:

«Астана»-«Ертіс» — 1:1

Гол авторлары: Таңат Нөсербаев, 51-минут (1:0); Семир Керла, 69-минут (1:1).

«Ордабасы»-«Оқжетпес» — 2:2

Гол авторлары: Абдулай Диакате, 30-минут (1:0); Ғафуржан Сүйімбаев, 36-минут (2:0); Әлібек Бөлешев, 54-минут (2:1); Игорь Юрин, 64-минут (2:2).

«Шахтер»-«Ақжайық» — 3:1

Гол авторлары: Никола Василевич, 27-минут (1:0); Деслей Уббинк, 45+2 минут (2:0); Деслей Уббинк, 86-минут (3:0); Мирослав Лечич, 90+3 минут (3:1).

«Атырау»-«Тараз» — 1:0

Гол авторы: Александр Дамчевски, 57-минут (1:0).

45-минутта пенальти орындаған Малик Мане («Тараз») қақпашыдан айласын асыра алмады.

«Жетісу»-«Тобыл» — 0:1

Гол авторы: Томаш Шимкович, пенальти, 90+3 минут.

 

*   *   *

 

17-турдың нәтижелері:

Бұл турда 20 гол соғылды.

Алаң иелері 9 гол соқса, қонақтар 11 доп өткізді.

2 кездесуде алаң иелері, 2 ойында қонақтар жеңді, 2 кездесу тең есеппен аяқталды.

2:6 есебі чемпионат басталғалы бірінші рет тіркелді.

Д.Уббник («Шахтер») пен Ж.Гоу («Қайрат») 2 голдан соқты.

Төрешілер белгілеген үш пенальтидің екеуі сәтті орындалып, біреуінде футболшы қақпашыдан айласын асыра алмады.

Шапшаң гол иелері: Л.Тесак, 4-минут; Б.Исламхан, 17-минут («Қайрат»)

Кездесулер барысында 22 ескерту қағазы көрсетілді, жасыл алаңнан қуылған футболшы жоқ.

Мергендер көшінің басында 12 гол соққан Жерар Гоу («Қайрат») тұр.

Чемпионат басталғалы 101 кездесу өтті. 47 ойында алаң иелері жеңіске ие болса, 32 тайталаста қонақтар басым түсті, 22 кездесу тең есептермен аяқталды. Қақпаларға 246 гол соғылды (алаң иелері — 135, қонақтар — 111), сөйтіп, әр кездесуде қақпаларға орта есеппен 2,43 гол енді.

Біздің мергендеріміз:

Дидар Жалмұқан — 5 гол (екеуі — он бір метрлік айып добы);

Самат Смақов — 5 (4);

Никита Бочаров — 2;

Тоқтар Жаңғылышбай — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Асланбек Кәкімов — 1;

Сандро Цвейба — 1;

Кирилл Шестаков — 1.

«Ақтөбе» өз алаңымызда 8 кездесу өткізіп, 3 ойында жеңіске жетті, 2 тең ойын нәтижесі тіркелді, 3 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 10:13. Ұпай — 11. Сырт алаңда 9 ойын өткізіп, 2 кездесуде жеңіске жетті, 3 ойынды тең аяқтады, 4 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 8:14. Ұпай — 9.

 

ТУРНИР КЕСТЕСІ

 

Команда      О         Ж        Т         Ұт       Д         Ұп

 

1.Астана      17       14       2          1          26-9    44

2.Ертіс          17       10       5          2          28-10  35

3.Қайрат      17       10       3          4          39-16  33

4.Оқжетпес  17       8          4          5          26-19  28

5.Ордабасы 17       7          4          6          23-23  25

6.Атырау      16       6          4          6          17-18  22

7.Тобыл        16       6          3          7          18-18  21

8.Ақтөбе       17       5          5          7          18-27  20

9.Жетісу        17       5          4          8          18-25  19

10.Шахтер    17       4          4          9          8-24    16

11.Ақжайық 17       3          2          12       11-30  11

12.Тараз       17       1          4          12       14-27  7

 

*О — ойын, Ж — жеңіс, Т — тең, Ұт — ұтылыс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.  

*   *   *

24 маусым, жұма күні өтетін 18-турда «Ақтөбе» Көкшетауда «Оқжетпеспен» кездеседі. Бірінші айналымда көкшетаулық команданы өз алаңымызда 1:0 есебімен ұтқан болатынбыз.

Басқа ойындар:

23 маусым, бейсенбі

«Қайрат» (Алматы) — «Астана» (Астана)

24 маусым, жұма
«Ақжайық» (Орал) — «Ордабасы» (Шымкент)

25 маусым, сенбі
«Атырау» (Атырау) — «Шахтер» (Қарағанды)
«Тараз» (Тараз) — «Тобыл» (Қостанай)
«Ертіс» (Павлодар) — «Жетісу» (Талдықорған)

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button