Ресми

Тағайындау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2016 жылғы 15 маусымдағы өкімімен Сәуле Рахымқызы Өмірбекова «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайындалды.

Сәуле Рахымқызы ӨМІРБЕКОВА

 1968 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педогогикалық университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы бастаған.

Білім саласында әртүрлі қызметтер атқарған. «Рауан» кеден-қаржы колледжінің директоры, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлікті қолдау» ММ басқарма басшысының орынбасары, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»  ММ бөлім меңгерушісі, «Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ директорының орынбасары, Ақтөбе қаласындағы №23 мектеп-лицейдің директоры қызметтерінде болды.

2013 жылғы ақпан айынан бері – «Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button