Білім

300 жүлдегердің қуанышы

Байқау

 Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Ақтөбе Дарын» ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен биыл сәуір-мамыр айларында өткен облыстық олимпиада, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мен педагогтар марапатталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің айтуынша, аталған шаралар Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру мақсатында мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен мұғалімдерге арналып ұйымдастырылған.

  • Бүгінгі марапаттау рәсімі екі айдан бері өткізілген олимпиада, байқаулардың қорытындысы. Бұл шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат — арнаулы және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен мектеп оқушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, оның алдын алу, — дейді Р.Бисенов.

Марапаттау рәсімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ағниязов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов, облыстық  білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Құлыбекова 300 жүлдегерді арнайы дипломдармен марапаттап, іс-шараларға атсалысқан педагогтар қауымына алғысын білдірді. Марапатталғандар арасында Ақтөбе қаласы мен аудандардан келген  мұғалімдер, мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері бар.

«Ақтөбе Дарын» ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының мәліметіне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға облыс бойынша 1178 оқушы, 310 педагог қатысқан.

 Д.ҚАЗИХАН.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button