ЖаңалықтарЭкономика

16 миллиард теңгелік 6803 мүлік жария етілді

Ақтөбе қаласы әкімдігінде мүлікті жария ету бойынша республикалық науқанды өткізу талаптары мен тәртібі жөнінде тұрғындарға түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі күнге дейін мүлікті жария ету комиссиясы тарапынан Ашық есік күндерін өткізіп, БАҚ арқылы хабарламалар беру, радиоға және телебағдарламаларға шығу, сонымен қатар жария етуге жататын мүліктерге барып қарау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындарға хабарлау мақсатында қалада автобус аялдамаларында, қоғамдық автокөліктерде, базарларда және  басқа да қоғамдық орындарда жадынамалар, сонымен қатар билбордтар орналастырылған.

Сонымен қатар, БАҚ арқылы ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында қала әкімдігінде мемлекеттік органдардың телеарналарда бағдарламаларға қатысуы, Ашық есік күндерін өткізуі, әлеуметтік желілер мен сайттарды пайдалану мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы жүргізілді.

Мүлікті жария ету Заңының 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылуына байланысты комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясына 2016 жылдың 3 мамырдағы ақпаратына сәйкес комиссияға 4342 арыз келіп түсті. Келіп түскен арыздардың ішінде жалпы 4312 арыз қаралды.

3334 арыз бойынша мүлік жария етілді, 974 арыз түзету үшін қайтарылды, 4 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 30 арыз комиссияда қаралуда.

2016 жылдың 3 мамырындағы ақпаратқа сәйкес Ақтөбе қаласында мүлікті жария ету барысында 16 миллиард теңгеге 6803  мүлік жария етілді.

Құжаттарды қабылдау күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1-қабат, №3 кабинетте, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізуде.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button