
- Қаланы және мәдени-көпшілік шаралар өтетін орындарды мерекеге сай безендіру жоспарын әзірлеу. Мамыр, қаланы безендірудің бөлек жоспары бойынша.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үйлері аулаларында жиналған қоқыстарды шығару бойынша ақысыз қызмет ұйымдастыру. Сәуір-мамыр, тұрғылықты мекенжайы бойынша.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне медициналық қызмет көрсету бойынша қалалық акция. Сәуір-мамыр, тұрғылықты мекенжайы бойынша.
- «Ұрпақтың есінде сақталсын», «Отан үшін от кешкендер», «Ардагерлерге тағзым», «Ер есімі ел есінде», «Мен Ұлы Жеңіс ұрпағымын» атты танымдық кештер, «Тимурдың қозғалысы», көрмелер, мәдени ойын-сауық және спорттық-көпшілік шаралар, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, сайыстар, фестивальдер, мерекелік концерттер, мұражайларға экскурсиялар өткізу. Сәуір-мамыр, жалпы білім беру мектептері, мектептен тыс және мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жоғары және арнайы орта оқу орындары.
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Мәңгілік Жеңіс», «Сохраним прошлое во имя будущего» атты акцияларын өткізу. 20 сәуір-20 мамыр, білім беру мекемелері.
- « Ерлікке тағзым етейік!», «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!», «Батырлар өмірі ұрпаққа үлгі», «Өшпес ерлік іздері», «Соғыс туралы кітапты оқы! Прочти книгу о войне!», «Көптен күткен бейбіт күн», «Балаларға соғыс туралы оқып береміз» атты кітап көрмелері, патриоттық кештер, апталық, тақырыптық сағаттар, ардагерлердің жас оқырмандармен кездесулері. 25 сәуір-6 мамыр сағ. 11.00, қала кітапханалары.
- «Ерлік пен елдік келбеті». Патриоттық кеш, 30 сәуір сағ. 11.00, №10 кітапхана.
- «Армысың, ардагерлер!» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін үйлерінде құттықтау, сыйлықтар табыс ету. 3-9 мамыр, мекенжайы бойынша.
- «Армысың, ардагерлер!» акциясы аясында тыл еңбек ардагерлерін құттықтау. 3-7 мамыр, қала мектептері.
- «Өшпес ерлік іздері». Деректі фильм көрсету, кітап көрмесіне библиографиялық шолу, 3 мамыр сағ. 12.00, № 4 кітапхана.
- «Жалынды жылдар жаңғырығы». Жылжымалы көрме, 3-12 мамыр (тәулік ішінде), С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, өнер музейі.
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Үлкенге — құрмет, кішіге — міндет». Акциясын өткізу, 4-9 мамыр, білім беру мекемелері.
- «Они сражались за Родину». Батырлар ұрпақтарымен кездесу, 4 мамыр сағ.11.00, Батырлар алаңы.
- «Ерлік — ұрпаққа мұра». Танымдық кеш , 4 мамыр сағ. 14.00, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі.
- «Жеңіс тойы, жаса мәңгі». Ауызша журнал, 5 мамыр сағ. 11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
- «Ортақ Жеңіс». Фотокөрменің апталығы, 5 -15 мамыр сағ.11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
- «Сіздер әкелген Жеңіс – біздің болашағымыз». Онкүндік, 5 -15 мамыр (келісім бойынша), облыстық планетарий.
- «Шығыстың қос жұлдызы — Әлия мен Мәншүк». Дөңгелек үстел, 5 мамыр
сағ. 12.00, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі.
- «Мың алғыс саған, майдангер». Әдеби кеш, 5 мамыр сағ.13.00, қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі.
- «Біз Жеңістің ұрпағымыз!». Театрландырылған көрініс, мерекелік концерттік бағдарлама, 6 мамыр сағ.10.00, Ақтөбе автожол колледжі.
- «Біз қоршаған ортаны қорғаймыз». Акция, 6 мамыр сағ.10.00, Қалалық жас натуралистер стансасы.
- «Жеңіс күні». Дөңгелек үстел, 6 мамыр сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
- «Сақтаған әлем есінде». Көрме, 6 мамыр сағ. 10.00, қалалық көркемсурет лицейі.
- «Ағалардың ерлігі — ұрпаққа өнеге». Дөңгелек үстел, 6 мамыр сағ.11.00, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
- «Жеңіске 71 жыл». Мерекелік бағдарлама, 6 мамыр сағ.11.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
- «Жеңіс күні». Шығармашылық жұмыстар көрмесі, 6 мамыр сағ. 11.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
- «Ұлы Жеңіс жасасын!». Мерекелік концерт, 6 мамыр сағ. 13.00, Ақтөбе экономика, статистика және информатика колледжі.
- «Ұлы Жеңіске – мәңгі тағзым». ҰОС ардагерлерімен кездесу, 6 мамыр
сағ. 15.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
- «Ақтөбе – Ұлы Отан соғысы кезінде». Фотокөрме, 6 мамыр сағ. 15.00, Ақтөбе облыстық өнер музейі.
- «Ерлік ескірмейді». Мерекелік концерттік бағдарлама, 6 мамыр сағ.16.00, қалалық зағиптар қоғамының мәдениет үйі
- «Ерлік даңқы өшпейді». ҰОС ардагерлеріне арналған мерекелік кеш, 6 мамыр
сағ. 16.00, Қазақ-орыс халықаралық университеті.
- Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ашық қала чемпионаты. 8 мамыр сағ.9.00, «Жастар» ОБЖСМ.
- ГТФ таэквандодан қала чемпионаты. 8-9 мамыр сағ. 10.00, Қарғалы БЖСМ.
- Б.Ходыревтың «Жарқын қала» қойылымы, 8 мамыр сағ.11.00, 12.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
- «Мың тағзым». Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүлшоқтарын қою рәсімі, салтанатты митингі гүлшоқтарын қою, еске алу рәсімі. 9 мамыр сағ.9.30, Даңқ обелискі, Ә.Молдағұлованың мемориалдық кешені және ескерткіші, «Батырлар аллеясы», «Зеңбірек» ескерткіші, Бауырластар зираты.
- «Бейбітшілік – ел ұраны!». Әдеби-сазды кеш, 9 мамыр сағ.10-00, Курайлы әкімшілігінің мәжіліс залында.
- «Земной поклон за ту, Великую Победу». Мерекелік бағдарлама, 9 мамыр
сағ.10.00, Металлургтер мәдениет үйі алаңы.
- «Қаһарман ұрпаққа мың тағзым!». Мерекелік митинг, 9 мамыр сағ.10.00, Даңқ белгісі алдында (Қурайлы селолық округі).
- «Жеңіс рухы мәңгілік!». Мерекелік бағдарлама, 9 мамыр сағ.11.00, «Жеңіс» саябағы (Қарғалы селолық округі).
- «Ұлы Жеңіс даңқы мәңгілік!». Күндізгі театрландырылған мәдени-көпшілік шаралар. Халықтық қыдырулар, 9 мамыр сағ.11.00-14.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағы, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион, «Mega Aktobe» ОССО, А.Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» саябағы.
- Далалық асхана орнату, ардагерлерге ас беру. 9 мамыр сағ. 11.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағы, А.Пушкин атындағы саябақ, «Мега Ақтөбе» ОССО.
- Мәдени – көпшілік шаралар өтетін орындарда мерекелік сауданы ұйымдастыру. 9 мамыр сағ. 11.00, қаламыздың мәдени-демалыс алаңдарында.
- «Кеудені кернеген қуаныш, Ерлерім, сендерге мың алғыс». Мерекелік концерт. 9 мамыр сағ.11.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
- Б.Васильев «А зори здесь тихие». Спектакль, 9 мамыр сағ.18.00, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.
- «Ұлы Отан соғысы әуендері». Құрама оркестрінің, «Ақтөбе» вокалды аспапты ансамблінің кешкі мерекелік бағдарламасы. 9 мамыр сағ.20.00-22.00, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағы.




