Мереке

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, отбасылық бақыт, құт- береке тілейміз және қаламызда өтетін  «Ұлт бірлігі — ұлы байлық!» атты мерекелік іс-шараларға шақырамыз.  Іс-шаралар 1 мамыр күні облыстық әкімшілік алаңында, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында, «Абай» даңғылында, «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алаңында, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында; «Мега Ақтөбе» ойын-сауықтық сауда орталығында; А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында; «Ретро» демалыс саябағында ұйымдастырылады.

 

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық!» атты мерекелік іс-шараларының Бағдарламасы

 

  1. Облыстық әкімшілік алаңы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: қалалық Мәдениет үйі

 

10.00-11.00 —  Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00-11.30 —  Мерекенің салтанатты ашылуы.

— «Ұлт бірлігі – Ұлы байлық!». Салтанатты шеру; Жауапты: Қалалық ішкі саясат бөлімі. 

11.30-14.00«Мәңгілік ел – ұлт өнерімен». Жастар флеш-мобы;

 — «Елдің елдігі – бірлікте!». «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің мерекелік бағдарламасы;

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан — достықтың мекені». Достық фестивалінің гала-концерті. Жауапты: Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  

басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы. «Шырқалсын әсем ән мерекеде!». Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік бағдарламасы. Жауапты: Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.

 

  1. «Абай» даңғылындағы аллея — этно ауыл

 

11.00-14.00 — Этно ауылда:

— «Қолөнер — дәстүрдің жалғасы, сөнбестің айғағы!». Этно мәдени орталықтарының қол өнер бұйымдарының көрмесі.

«Төрлетіңдер ақ дастарқан басына!». Әр халықтың ұлттық мерекелік тағамдарының көрме-саудасы.  Жауапты: Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық кәсіпкерлік бөлімі.

11.00-14.00 — «Бірлік тойын тойлайық». Әр халықтың ұлттық ойындары мен спорттық жарыстары, эстафета өткізу. Жауапты: облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

11.00-14.00 — Экспресс-портрет салу, жергілікті суретшілер жұмыстарының  көрмесі;

— Қолөнер бұйымдарының көрмесі. Жауапты: облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық өнер музейі.

11.00-14.00 — Балалар ауылы:

— «Қазақстан – балалар көзімен!». Асфальтқа сурет салу байқауы. Жауапты: қалалық көркемсурет лицейі.

— «Балаларға базарлық». Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

Жауапты: қалалық білім бөлімі және №24 лингвистикалық мектеп- гимназиясы.

 

  1. «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алаңы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония

 

11.00-12.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

12.00-14.00 — «Қазақстан – халықтар достығының мекені». Мерекелік ойын- сауық бағдарлама. Жауапты: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен «Кемал» жастар театры.  

 

  1. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: қалалық мәдениет үйі

10.00-11.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00-12.00 — «Бір шаңырақ астында…». Мерекелік ойын-сауық бағдарлама.

Жауапты: облыстық «Алақай» қуыршақ театры.  

12.00-13.00 — «Достығымның айнасы – Тәуелсіз Қазақстан!». Мерекелік ойын-сауық бағдарлама. Жауапты: Ақтөбе медициналық колледжі.

13.00-14.00 — «Тілегіміз — ел бірлігі». «Наурыз» тобының, халықтық «Інжу» вокалды ансамблінің және «Ақтөбе» вокалды аспапты ансамблі әншілерінің мерекелік бағдарламасы. Жауапты:  қалалық мәдениет үйі.

11.00-14.00 — «Қолөнер – дәстүрдің жалғасы, сөнбестің айғағы!». Қолөнер бұйымдарының көрмесі.

—  «Төрлетіңдер ақ дастарқан басына!». Мерекелік саудасы.  Жауапты: қалалық кәсіпкерлік бөлімі.

—  «Шын көңілмен…». Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолынан жасалған қолөнер бұйымдарының көрме саудасы. Жауапты: «Қалалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау» қоғамдық орталығы.

— «Бірлік біздің туымыз!». Асфальтқа сурет салу байқауы. Жауапты: қалалық көркемсурет лицейі.

19.00-20.00 — Көңілді музыка ойнап тұрады.

20.00-22.00 — «Саябаққа хош келдіңіз!». Саябақтың жазғы маусымының

ашылу салтанатына арналған мерекелік бағдарлама. Жауапты: ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы және қалалық Мәдениет үйі.

 

  1. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония

10.00-11.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00-12.00 — «Көп ұлттың шаңырағы — Қазақстан». «Үлгілі» «Еңлік», «Искорки» би ансамбльдерінің, «Волшебный башмачок» классика би студиясының мерекелік бағдарламасы. Жауапты: қалалық білім бөлімі және қалалық Оқушылар сарайы.  

12.00-13.00 «Шын жүректен…». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: Ақтөбе қаласы Қазақ гуманитарлық заң университет колледжі.

13.00-14.00 — «Бірлігі жарасқан қазақ елі!» атты мерекелік концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі. 

 

  1. «Мега Ақтөбе» ойын-сауықтық сауда орталығы алаңы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы

10.00-11.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00-12.30 — «Тілегіміз ел бірлігі!». «Халықтық» «Сұңқар» вокалдық тобының, «Ақтөбе» вокалды аспапты ансамблі әншілері мен  «Сұңқар»  арт балетінің мерекелік бағдарламасы. Жауапты: қалалық Мәдениет үйі.

12.30-14.00 — «Құтты болсын, мереке баршамызға». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: қалалық білім бөлімі және Қазанғап атындағы өнер мектебі.

 

  1. А.Пушкин атындағы демалыс саябағы.

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: облыстық халық шығармашылығы үйі.

10.00-11.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00-12.00 — «Бір шаңырақ астында…». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі.

12.00-13.00 — «Ел бірлігі – асыл қасиет!». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.

13.00-14.00 — «Береке бастауы – бірлік!». Облыстық халық шығармашылығы үйі өнерпаздарының мерекелік бағдарламасы. Жауапты: облыстық халық шығармашылығы үйі.

 

  1. «Ретро» демалыс саябағы

 

Дыбыспен қамтамасыз ету: Облыстық «Алақай» қуыршақ театры

10.00 – 11.00 — Бірлік, туған жер, достық туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00 — «Бірлік түбі – береке!». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйі.

12.00-13.00 — «Достық әнін жырлайық!». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі. 

13.00-14.00 — «Көппен көрген ұлы той!». Мерекелік  концерттік бағдарлама, ойындар, викториналық сұрақтар. Жауапты: Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button