Білім

Атамұраты мен Аружан — жүлдегер

Байқау

 Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика, механика және экономика ғылымдары бойынша зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауы өтті.

Байқауға Ақтөбе облысы атынан қатысқан №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Аружан Асылханова мен Ойыл қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Атамұраты Сапар жұбы ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.

— Аружан —  «Алтынбек» серіктестігінің «Шебер Темір» шеберлер бірлестігінің белсенді мүшесі. Ол осы жерде және Темір аудандық Оқушылар үйінің «Ғылыми таным» үйірмесінде қолөнер бұйымдарын жасауды үйренді, кейін ғылыми ізденісін тәжірибемен ұштастыра білді. Ойылдан Атамұраты да бізге арнайы келіп, он шақты күн Аружанмен бірге ғылыми жұмыстың тәжірибе жағын пысықтады. Екеуі қолөнер бұйымдарының шикізатын экономикалық тұрғыдан есептеп шығарды, — дейді жобаның ғылыми жетекшісі, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназияның технология пәні мұғалімі Нұрлан Жақыбаев.

Зерттеу жұмысы оңай шаруа емес. Осы орайда Аружан мен Атамұраты ғылыми ізденісте өздеріне көмектескен мәдениеттанушы Орынгүл Сәулебай, «Алтынбек» ЖШС директоры, технолог маман Гүлшара Жақыбаева, аудандық Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогі, экономист Райса Абашова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақтөбедегі филиалының мамандары Айдос Мырзағалиев пен Ерлан Оспағанбетов, математика ғылымдарының болашақ магистрі Айдана Дабылдинаға шексіз алғыс айтып отыр.

Қаншама баланы еңбекқорлыққа тәрбиелеп, қолөнерге баулып жүрген Нұрлан Жақыбаев бүгінгі білім беру жүйесінде инновациялық идеяларды жүзеге асыру жолдарының нақты қадамы — шығармашылық идея екенін алға тартып, балаларды ерте жастан шығармашылыққа тәрбиелеп, логикасын дамытып, ғылымға баулу керектігін жеткізді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button