Жаңалықтар

Ақ дастарқан басында

Қарттар күні мерекесінде облыстық әкімдіктің «Дастарқан» мейрамханасында облыстың қоғамдық-саяси өміріне еңбек сіңірген ардагерлеріміздің құрметіне ақ дастарқан жайылды. Мерекелік дастарқанға жүзге жуық ардагер шақырылды.

Дастарқан басына жиналған бұрынғы белсенді қыз-жігіттер өзара қауқылдасып, шүйіркелесті, көптен бері көрмегендері болса, көрісті.

Жүрек жылуы мен жан шуағын балаларына, немерелеріне арнаған аталар мен әжелерді облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова құттықтады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов:

Жақында облыс әкімінің қабылдауында болдым. Елеусін Наурызбайұлы сіздерге сәлем жолдап, денсаулықтарыңыздың мықты болуын тіледі. Облыс басшысы біздерге ерекше көңіл бөліп, көмектесіп жатыр. Соның арқасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері елімізде алғашқылардың бірі боп, коммуналдық төлемнен құтылды, – деді.

Мерекеде ардагерлерге бес мың теңгеден ақшалай сыйлық үлестірілді. Сондай-ақ, облысқа белгілі әншілер ән шырқап, бишілер тобы би билеп, кешті әрледі.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button