Жаңалықтар

Мектеп неге дүрлікті?

Оқиға

9 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназияның мұғалімдері мен оқушылары эвакуацияланды. Барлығы 920 адам, оның ішінде 870 бала сыртқа шығарылды.
Күндіз сағат 11-лер шамасында мектеп ішінде түтін иісі біліне бастайды. Қауіптенген қызметкерлер дереу өрт сөндіру қызметі мен құтқарушыларды шақырады. Оқиға орнына бес минутта жеткен құтқарушылар балалар мен қызметкерлерді сыртқа шығарады. Ғимаратты тексеру кезінде өрт сөндірушілер түтіннің бірінші қабатта электрдің қысқа тұйықталуынан шыққанын анықтады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button