Жаңалықтар

Еңбек қатынастарын үйренуге арналды

Семинар

Облыстық кәсіподақтары орталығының мәжіліс залында еліміздің еңбек заңдарындағы өзгерістерді іс жүзінде қолдану тәжірибелеріне байланысты семинар өтті.
Семинарға әлеуметтік әріптестер, жұмыс берушілер мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
— Елімізде жаңа Еңбек Кодексі күшіне енді. Осымен байланысты кәсіподақтарға да үлкен жауапкершіліктер мен жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Ең алдымен, жаңадан қабылданған құқықтық нормаларды жақсы түсініп, оларды күнделікті істе, тәжірибеде қолдануды үйрену қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар Елбасы жаңа Еңбек Кодексіне қол қойған күннен бастау алды, — деді лектор, Еуроазия құқықтық қорғау орталығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Еңлік Нұрғалиева.
Еңбек заңдылықтарының теориялық мәселелерін практикалық істермен ұштастыра әңгімелеген лектордың әңгімесі жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Семинарға қатысушылар тарапынан лекторға түрлі сауалдар беріліп, оған нақты, тиянақты жауаптар алынды. Кәсіподақ қызметкерлері жаңа еңбек заңының қолданылу барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы жұмыстар, әсіресе, ұжымдық шарт жасасу мәселелері қызу пікірталасты өрістетіп, нақтыланды.
Осындай семинар ертеңіне Ақтөбе қаласындағы металлургтердің мәдениет үйінде жалғасты. Оған «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының әлеуметтік әріптес кәсіпорындар мамандары, кәсіподақ ұйымдары жетекшілері қатысты.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button