Жаңалықтар

15 миллиард теңгенің жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді

Жария ету науқаны басталған күннен бері Ақтөбе облысы бойынша 8526 жылжымайтын мүлік нысанын жария ету үшін барлығы 4293 арыз келіп түсті. Бұл мүліктердің жалпы құны 20,3 млрд. теңгені құрайды.
Соның ішінде 15,0 млрд. теңгенің 6625 жылжымайтын мүлік нысанын жария ету жөніндегі 3290 арыз бойынша немесе жария етуге ұсынылған мүлік нысандарының 76,6 пайызы үшін оң шешім шығарылды. Арыздардың негізгі бөлігі бау-бақша үйлерін, шаруашылық қосалқы құрылыстарын, гараж, монша, қойма және т.б. жылжымайтын мүліктерді жария етуге байланысты болып отыр. 1 арызда жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгені құрайтын ақшаны жария ету сұралды.
Жалпы құны 5,1 млрд. теңге болатын 1831 нысанды жария ету мақсатымен берілген 979 (немесе 22,8 %) арыз, негізінен, жария ету нысандарының аяқталмаған құрылыстарына байланысты құжаттарының дұрыс толтырылмауы себепті кері қайтарылды. Бұл өтініштердің анықталған кемшіліктер жойылғаннан соң қайтадан жария етуге тапсырылатынын ескерген жөн.
Құнды қағаздар, заңды тұлғалардың қатысу үлестері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктерді жария ету туралы арыздар түскен жоқ.
Тұрғындарды мүлікті жария ету науқаны туралы жан-жақты ақпараттандыру мақсатында Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, 2016 жылдың 1 ақпанында жағдай бойынша республикалық және өңірлік басылымдарда 309 мақала жарияланды, 93 тақырыптық сұхбат берілді, интернет-ресурстарында 460 мақала шығарылды, телеарналарда 15 мәрте «жүгіртпе жолдар» айналдырылды, 28 радиохабар дайындалды, 239-ға тарта семинар, дөңгелек үстел және брифингтер өткізілді, көшелерге 25 билборд орналастырылды.

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button