Жаңалықтар

Театрға имам келді

Т.Ахтанов атындағы драма театр ұжымы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамы Серікжан Еншібайұлын кездесуге шақырып, діни экстремизм және терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы әңгімеге қанықты.
Басым бөлігі жастардан құралған театр ұжымына келген имам дәстүрлі емес, жат діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыздың не себепті басқа діндерге қызығушылық танытып жүргенін, адасқандарды теріс ағымдардан қайтару үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайында айтты.
Серікжан Еншібайұлының айтуынша, миссионерлермен қанша жерден күрес жүріп жатса да, олардың ілімі түрлі жолдармен жастарды құрығына түсіріп отыр екен. Оның басты себебі жастардың діни сауатының төмендігінен болып отыр. Дегенмен, жат ағымның жетегінде адасып жүрген жүздеген жастардың дәстүрлі дінге бет бұрғанын мысалға келтірді.
Мұның бәрі отбасындағы тәрбиенің ақсауынан болып отырғанын да айтты. Қазіргі жастардың 60 пайызы өзінің ұлттық салт-дәстүрінен бейхабар, содан келіп әр нәрсеге бой алдырады. Ата-ана әлі оң-солын айырып үлгермеген баласына ие болуы керек, оның әр қадамын, жүрген ортасын бақылауы керек. Жеткіншекті бетімен жіберуге болмайды. «Балам неге қызығады, немен айналысып жүр?» деп алаңдауға тиіс. Имамның осындай ойлары тыңдаушыларының көкейінен шықты.
Театр қызметкерлері имамға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, көп нәрседен хабардар болып қалды.

Ақмарал ӘБДІХАЛЫҚ,
Т.Ахтанов атындағы драма театрдың
әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button