Жаңалықтар

Бір жылда 17 901 арыз түсті

Сот

Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Данияр Сариев өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.
Былтыр қалалық сотқа құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жеке және заңды тұлғалардан 17 мың 901 арыз түскен. Есептік кезеңде 15 мың 510 арыз сотқа қабылданып, азаматтық іс қозғалған. Ал іс жүргізу тәртібімен келіп түскен 4258 арыз бойынша сот бұйрығы шығарылған. Шешім шығару бойынша 7342 азаматтық іс қаралып, 8902 шешім шығарылған. Бітімгердің қатысуымен істің 20 пайызы қысқарған.
Сот төрағасы азаматтық істер санын қысқарту бойынша арнайы шаралар жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ азаматтық істермен қатар сот орындаушыларының санкция беру, борышкерге іздеу жариялау, үлесті анықтау, сот шешімдерінің орындалуын кейінге қалдыру, индексация секілді істердің көп түсуі судьялардың жүктемесін ауырлатып отырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар судьялардың жұмысы жөніндегі ақпарат облыстық соттың жоспарына қосылып, үнемі бақыланып отырады. Қалалық соттың судьялары шығарған шешімдердің облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сатыларында өзгеріссіз қалдырылуы олардың сапалы жұмыс істегенін көрсетеді. Кеңесте Данияр Сариев бір жылда атқарылған жұмыстарды толық мәлімдеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button